"Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 870 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 411-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23063 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 870 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 15 маусымдағы
№ 411-НҚ Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 870 бұйрығымен бекітілген

Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі құжаттар) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекетаралық стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (бұдан әрі – МАК) қабылдаған өңірлік стандарт;

      2) техникалық реттеудің ақпарат жүйесі – техникалық реттеу тізілімдерінде, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде, ұлттық стандарттау жүйесінде және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде қамтылған мәліметтер мен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;

      3) тікелей қолдану – стандарттау жөніндегі құжаттарды ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұлттық стандарттау органына хабарлама жібере отырып, қосымша келісу не есепке алу рәсімдерін жүргізбей қолдануы.

      Cтандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері болып табылады.

2-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану 2 (екі) тәсілмен жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18075 болып тіркелді) Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларына сәйкес ұлттық және мемлекетаралық стандарттар ретінде қолдану арқылы;

      2) тікелей қолдану арқылы.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұлттық стандарттарды қолдану растау әдісімен және қайта басып шығару әдісімен жүзеге асырылады:

      1) халықаралық, өңірлік стандартқа және шет мемлекеттің стандартына растау әдісін пайдалану кезінде стандарттау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бұйрығын стандарттау саласындағы уәкілетті органның және стандарттау жөніндегі ұлттық органның ресми интернет-ресурсында жариялау арқылы ұлттық стандарт мәртебесі беріледі. Ұлттық стандарттың белгіленуі халықаралық, өңірлік стандартқа және шет мемлекеттің стандартына қатысты өзгеріссіз қалады. Растау әдісі халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары үшін оларға редакциялық өзгерістер енгізу қажеттілігі болмаған кезде қолданылады;

      2) халықаралық, өңірлік стандарттың және шет мемлекет стандартының мәтіні негізінде қайта басып шығару әдісін пайдалану кезінде стандарттау жөніндегі құжаттың мазмұнына және (немесе) құрылымына қажетті өзгерістер енгізе отырып, ұлттық стандарт әзірленеді. Қайта басып шығару әдісі ұлттық қолдану ерекшеліктерін ескере отырып (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестікке келтіру, ерекше географиялық, технологиялық, техникалық және басқа да жағдайларға бейімдеу) халықаралық, өңірлік стандарттың және шет мемлекет стандартының бастапқы дереккөзінің құрылымына және (немесе) мазмұнына өзгерістер енгізу қажет болған кезде қолданылады.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекетаралық стандарттарды қолдану ҚР СТ 1.23 "Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі. Қазақстан Республикасында мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 1.23) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Ұйым шегінде ішкі пайдалану үшін стандарттау жөніндегі құжаттарды тікелей қолдану бастапқы дереккөздің түпнұсқасының тілінде жүзеге асырылады.

      7. Үшінші тұлғаларға осы құжаттардың талаптарын орындауды көрсету мақсатында стандарттау жөніндегі құжаттарды тікелей қолдану қазақ және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармасы бар бастапқы дереккөздің түпнұсқасының тілінде жүзеге асырылады.

      8. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері стандарттау жөніндегі құжаттарды тікелей қолдану кезінде стандарттау жөніндегі құжатты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, стандарттау жөніндегі құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмайды.

      Стандарттау жөніндегі құжатты пайдаланушы тікелей қолдану туралы техникалық реттеудің ақпарат жүйесінде стандарттау жөніндегі ұлттық органды хабардар етеді.

      9. Стандарттау жөніндегі құжаттарды тікелей қолдану туралы хабарлама мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) пайдаланушы ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, атауы, мекенжайы, телефоны және электрондық поштасының мекенжайы;

      2) стандарттау жөніндегі құжаттың белгіленуі, атауы және қабылданған күні (түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс тілдерінде);

      3) стандарттау жөніндегі құжатты қолдану мақсаттары;

      4) стандарттау жөніндегі құжатты пайдалану құқығын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

      5) стандарттау жөніндегі құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын ақпарат;

      6) пайдаланушы ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).

      10. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган хабарламаны 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Осы Қағидалардың 2-тарауы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін хабарлама техникалық реттеудің ақпарат жүйесінде кері қайтарылады.

      11. Стандарттау жөніндегі құжаттарды және (немесе) олардың ресми аудармаларын қолдану үшін оларды түпнұсқа ұстаушылардан не Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау жөніндегі құжаттарды таратуға (өткізуге) және (немесе) аударуды жүзеге асыруға түпнұсқа ұстаушылардың ресми рұқсаты бар ұйымдардан алу жүзеге асырылады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою тәртібі

      12. Мемлекетаралық стандарттар (мемлекетаралық стандарттарға өзгерістер) ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерімен келісу рәсімінен өтеді, оның қорытындысы бойынша МАК-тың интернет-ресурсында дауыс беру арқылы елдің ұстанымы қалыптастырылады және білдіріледі.

      13. Келісу рәсімін стандарттау жөніндегі ұлттық орган ҚР СТ 1.23 сәйкес жүргізеді.

      14. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган МАК-да белгіленген тәртіппен алынған мемлекетаралық стандарттардың жобаларын ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерімен келісу үшін Стандарттау жөніндегі ұлттық органының интернет-ресурсында жариялайды және стандарттау саласындағы құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жариялау туралы хабарлама жібереді.

      15. Хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде стандарттау саласындағы құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдар және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекетаралық стандарттардың жобалары бойынша ескертулер және (немесе) ұсыныстар (бар болса) береді. Мемлекетаралық стандарттардың жобалары бойынша алынған ескертулер мен ұсыныстардың (бар болса) қорытындылары бойынша Стандарттау жөніндегі ұлттық орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде МАК-ның интернет-ресурсында "жақтау" немесе "қарсы" ұстанымын білдіреді.

      Стандарттау саласындағы құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдардың және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің мемлекетаралық стандарттар жобаларын келісуі стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болмаған жағдайда, стандарттау жөніндегі ұлттық орган МАК интернет-ресурсында "қалыс қалу" ұстанымын білдіреді.

      16. Егер Қазақстан Республикасы бұрын "қарсы" немесе "қалыс қалу" ұстанымын білдірсе, онда стандарттау жөніндегі ұлттық орган МАК-ға оң шешімі бар дауыс беру бюллетенін жібере отырып, ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің бастамасы бойынша қабылданған мемлекетаралық стандартқа қосылады.

      17. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган оларды ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне енгізілген мемлекетаралық стандарттарға қосу рәсімін Еуразиялық экономикалық одақ белгілеген тәртіппен көрсетілген тізбелер бекітілген кезден бастап ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерімен қайта келіспей жүргізеді.

      18. Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша дауыс беру туралы шешім стандарттау саласындағы құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдармен міндетті келісу қорытындылары бойынша қабылданады.

      19. Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғамайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша дауыс беру туралы шешім ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің ұстанымдары негізінде қабылданады.

      20. МАК қабылдаған мемлекетаралық стандарттар Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары ретінде қолданысқа енгізіледі.

      Мемлекетаралық стандарттар, егер Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында бұл туралы нұсқаулар болса, қолдану үшін міндетті болып табылады.

      21. Қабылданған мемлекетаралық стандарттар туралы ақпарат ай сайынғы ақпараттық көрсеткіштің кезекті нөмірінде орналастырылады және стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында жарияланады.

      22. Мемлекетаралық стандарттар МАК-дан мемлекетаралық стандарттың шығарылған нұсқасын алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қолданысқа енгізу алдында ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерімен хат алмасу арқылы келісіледі.

      23. Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша қолданысқа енгізу туралы шешім стандарттау саласындағы құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдармен міндетті келісу қорытындылары бойынша қабылданады.

      24. Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғамайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша қолданысқа енгізу туралы шешім ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің ұстанымдары негізінде қабылданады.

      25. Ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің позициясы болмаған кезде стандарттау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы МАК-да тіркелген күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізу күнін белгілейді.

      26. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттың күшін жоюды ҚР СТ 1.23 сәйкес ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары негізінде стандарттау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады