Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 70 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23105 болып тіркелді

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына және 17-4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары-сақтандыру ұйымдары төлеу үшін бастапқы біржолғы жарна мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4855 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша алғаш рет қатысу шартын жасасқан қатысушылар-сақтандыру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшеріне тең бастапқы біржолғы жарна сомасы белгіленсін.".

      2. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

      "1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 14 маусымдағы
№ 70 Қаулыға қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 387 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары- сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары- сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі – Әдістеме) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – қатысушы сақтандыру ұйымдары) міндетті, қосымша жарналардың, шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін белгілейді.

1-тарау. Міндетті жарналар мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері

      1. Міндетті жарналар мөлшерлемелерін есептеу қағидаларын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесі бекітеді және ол 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қаралуға тиіс.

      Міндетті жарналар мөлшерлемелерін есептеу қағидалары Әдістеменің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарын ескере отырып, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша базалық мөлшерлемелерді және түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін қамтиды.

      2. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қордың директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген нысан бойынша кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі және өзінің қаржылық жағдайы бойынша өткен қаржы жылындағы ақпаратты Қорға ұсынады.

      3. Қор Әдістеменің 2-тармағында көзделген ақпаратты барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде міндетті жарналар мөлшерлемелерін есептеу қағидаларының негізінде әрбір қатысушы сақтандыру ұйымы үшін кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша міндетті жарналардың ағымдағы қаржы жылына арналған мөлшерлемесін есептейді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу үшін жібереді.

      Ағымдағы қаржы жылына арналған міндетті жарналардың мөлшерлемелері оларды есептеу күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қордың директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      Уәкілетті орган Қордың директорлар кеңесі бекіткен міндетті жарналар мөлшерлемелерін оларды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіседі немесе болған жағдайда ескертулермен қайтарады.

      Уәкілетті органның ескертулері болған кезде Қор оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті жарналар мөлшерлемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады және уәкілетті органға қайта келісу үшін жібереді.

      Уәкілетті органмен келіскеннен кейін міндетті жарналардың мөлшерлемелерін Қор әрбір қатысушы сақтандыру ұйымына жеке жазбаша түрде жібереді.

      4. Қатысушы сақтандыру ұйымынан Әдістеменің 2-тармағына сәйкес бұрын ұсынылғаннан өзгеше ақпаратты алған жағдайда, Қор қажеттілігіне қарай ақпарат алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті жарналар мөлшерлемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады және уәкілетті органға Қордың директорлар кеңесі бекіткен міндетті жарналардың мөлшерлемелерін қайта келісу үшін жібереді.

      Қайта есептеу нәтижесінде міндетті жарналардың мөлшерлемесі азайған жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымының келісімімен 5 (бес) жұмыс күні ішінде қатысушы сақтандыру ұйымы артық төлеген сомаларды олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді немесе артық төленген сомаларды қатысушы сақтандыру ұйымына қайтарады.

      Қайта есептеу нәтижесінде міндетті жарналардың мөлшерлемесі ұлғайған жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымы жетіспейтін соманы Қордың Әдістеменің 14 және 15-тармақтарында көрсетілген тиісті шоттарына Қор қатысушы сақтандыру ұйымына міндетті жарналардың бекітілген мөлшерлемелерін жеткізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлейді.

      5. Әрбір қатысушы сақтандыру ұйымы үшін сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарна мөлшерлемесі қатысушы сақтандыру ұйымының тиісті түзету коэффициентіне базалық мөлшерлемені көбейту арқылы жеке есептеледі.

      6. Сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарналардың базалық мөлшерлемесін есептеу кезінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі есептелмейді.

      7. Міндетті сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша базалық міндетті жарна мөлшерлемесі сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтарылуға тиіс) сақтандыру сыйлықақылары шегерілген) жалпы сомасының кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызын құрайды және 2 (екі) пайызынан аспайды.

      8. Аннуитеттік сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарнаның базалық мөлшерлемесі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің оң өзгерісінен кемінде 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызын құрайды және 1 (бір) пайызынан аспайды.

      9. Түзету коэффициенті Қор Әдістеменің 2-тармағына сәйкес алған ақпарат негізінде қатысушы сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштері бойынша өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша айқындалады. Қаржылық жай-күйдің көрсеткіштері түзету коэффициентінің мәнін ұлғайтуы да және сол сияқты азайтуы да мүмкін. Түзету коэффициентінің жиынтық мәні кемінде 1 (бір) болады. Қаржылық жай-күйдің көрсеткіштері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      таза сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде) меншікті капиталға (резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне) қатынасы;

      сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін есептегенде) меншікті капиталға (резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне) қатынасы;

      міндетті сақтандырудың кепілдік берілген түрінің сақтандыру ұйымының жиынтық сақтандыру портфеліндегі және жалпы нарықтағы үлесі;

      сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар берешегінің меншікті капиталға (резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне) қатынасы;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің (Тмн) және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативінің (Өжан) шамасы;

      шығындылық коэффициенттері;

      қатысушы сақтандыру ұйымының қаржылық орнықтылығының рейтингтік бағасы;

      меншікті капиталдың (резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшерінің) жиынтық активтерге қатынасы;

      іс жүргізуге арналған шығыстардың (комиссиялық сыйақылар мен әкімшілік шығыстар) сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы.

      Қаржылық жай-күйдің көрсеткіштері, есептеу үшін қажетті барлық өлшемдерді аша отырып, түзету коэффициентін есептеу тәртібі міндетті жарналардың мөлшерлемелерін есептеу қағидаларында белгіленеді.

      10. Қатысу шарты бірінші рет жасалған жыл ішінде қатысушы сақтандыру ұйымы үшін сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарна мөлшерлемесі түзету коэффициентін қолданбай базалық мөлшерлеме мөлшерінде белгіленеді.

      11. Қатысушы сақтандыру ұйымы міндетті сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарна сомасын есептеуді қатысушы сақтандыру ұйымы үшін сәйкес келетін міндетті жарна мөлшерлемесін міндетті сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтарылуға тиісті) сақтандыру сыйлықақылары шегерілген) есепті тоқсанның ішінде есептелген сомасына көбейту арқылы тоқсан сайын дербес жүргізеді. Есепті тоқсанның ішінде міндетті сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша сақтандыру сыйлықақыларын есептеуден теріс сома алынған жағдайда Қор міндетті жарналарды қайтармайды.

      Егер есепті кезең үшін міндетті сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша сақтандыру сыйлықақыларын есептеу "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) көзделген жағдайларда сақтандыру шарттарын (сақтандыру портфелін) басқа сақтандыру ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқа филиалынан қабылдауына байланысты болса, міндетті жарналар сомасын есептеу қабылданған сақтандыру портфелі бойынша міндетті жарналары сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырған сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қорға төлеген сақтандыру сыйлықақылары сомасын есепке алмай жүзеге асырылады.

      12. Қатысушы сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарна сомасын есептеуді қатысушы сақтандыру ұйымы үшін тиісті міндетті жарнаның мөлшерлемесін есепті тоқсанның соңында және басында аннуитеттік сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшерлері арасындағы оң айырмаға көбейту арқылы тоқсан сайын дербес жүргізеді. Есепті тоқсанның соңында және басында аннуитеттік сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша сақтандыру резервтерінің арасындағы айырма теріс болған жағдайда Қор міндетті жарналарды қайтармайды.

      Егер есепті кезеңде аннуитеттік сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша сақтандыру резервтерінің ұлғаюы Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген жағдайларда сақтандыру шарттарын (сақтандыру портфелін) басқа сақтандыру ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқа филиалынан қабылдауға байланысты болған жағдайда, міндетті жарналар сомасын есептеу қабылданған сақтандыру портфелі бойынша міндетті жарналары сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырған сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қорға төлеген сақтандыру резервтерінің сомасын есепке алмай жүзеге асырылады.

      13. Есептеу нәтижесінде алынған міндетті жарна сомасы ең жақын бүтін мәнге дейін дөңгелектенеді.

      14. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті жарналарды төлеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотына дербес жүргізеді.

      15. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті жарналарды төлеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотына дербес жүргізеді.

      16. Қатысушы сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда Қор қаржы жылы ішінде қажеттілігіне қарай Қордың директорлар кеңесінің шешімі бойынша әрбір сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша қолданыстағы міндетті сақтандыру жарналарының мөлшерлемесін ұлғаю жағына қарай қайта есептеуді жүзеге асырады.

2-тарау. Қосымша жарналар мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, қосымша жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері

      17. Қосымша жарналар мөлшерлемесін есептеу қағидаларын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қаралуға тиіс.

      18. Қосымша жарналардың мөлшерлемесін Қор мұндай ақпарат Қорда болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпаратын ескере отырып, айқындайды.

      19. Қосымша жарналардың мөлшерлемесі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға жататын) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) жалпы сомасының кемінде 0 (нөл) пайызын құрайды және 2 (екі) пайызынан аспайды.

      20. Қор Әдістеменің 2-тармағында көзделген ақпаратты барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қосымша жарналар мөлшерлемесін есептеу қағидалары негізінде ағымдағы қаржы жылына қосымша жарналар мөлшерлемесін есептейді және уәкілетті органға келісу үшін жібереді.

      Қосымша жарналардың мөлшерлемесі олар есептелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қордың директорлар кеңесінің ағымдағы қаржы жылына арналған шешімімен бекітіледі.

      Уәкілетті орган Қордың директорлар кеңесі бекіткен қосымша жарналар мөлшерлемесін оларды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіседі немесе болған жағдайда ескертулермен қайтарады.

      Уәкілетті органның ескертулері болған кезде Қор оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша жарналар мөлшерлемесін қайта есептеуді жүзеге асырады және уәкілетті органға қайтадан келісу үшін жібереді.

      Қосымша жарналардың мөлшерлемесі уәкілетті органмен келісілген кейін Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде жеткізеді.

      21. Қатысушы сақтандыру ұйымынан Әдістеменің 2-тармағына сәйкес бұрын ұсынылғаннан өзгеше ақпарат алған жағдайда, Қор қажеттілігіне қарай ақпаратты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша жарналар мөлшерлемесін қайта есептеуді жүзеге асырады және уәкілетті органға Қордың директорлар кеңесі бекіткен қосымша жарналар мөлшерлемелерін қайта келісу үшін жібереді.

      Қайта есептеу нәтижесінде қосымша жарналардың мөлшерлемесі азайған жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымының келісімімен 5 (бес) жұмыс күні ішінде қатысушы сақтандыру ұйымы артық төлеген сомаларды оның болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді немесе артық төленген сомаларды қатысушы сақтандыру ұйымына қайтарады.

      Қайта есептеу нәтижесінде қосымша жарналардың мөлшерлемесі ұлғайған жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымы жетіспейтін соманы Қордың Әдістеменің 23-тармағында көрсетілген шотына Қор қатысушы сақтандыру ұйымына қосымша жарналардың бекітілген мөлшерлемесін жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлейді.

      22. Қосымша жарна сомасын есептеуді қатысушы сақтандыру ұйымы қосымша жарналар мөлшерлемесін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына (сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға жататын) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) көбейту арқылы тоқсан сайын дербес жүргізеді.

      Есептеу нәтижесінде алынған қосымша жарна сомасы ең жақын бүтін мәнге дейін дөңгелектенеді.

      23. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қосымша жарналарды төлеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотына дербес жүргізеді.

3-тарау. Шартты міндеттемелер мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі

      24. Шартты міндеттемелер мөлшерлемесін есептеу қағидаларын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қаралуға тиіс.

      25. Міндетті сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша қалыптастырылуға тиіс шартты міндеттемелердің мөлшерлемесі міндетті сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының кемінде 1 (бір) пайызын құрайды және 4 (төрт) пайызынан аспайды.

      26. Аннуитеттік сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша қалыптастырылуға тиіс шартты міндеттемелердің мөлшерлемесі аннуитеттік сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің оң өзгерісінің кемінде 0 (нөл) пайызын құрайды және 4 (төрт) пайызынан аспайды.

      27. Қор барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан Әдістеменің 2-тармағында көзделген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жұмыс күні ішінде шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу қағидаларының негізінде сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша шартты міндеттемелердің ағымдағы қаржы жылына арналған мөлшерлемесін есептейді және уәкілетті органға келісу үшін жібереді.

      Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесі Қордың директорлар кеңесінің шешімімен ағымдағы қаржы жылына олар есептелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітіледі.

      Уәкілетті орган Қордың директорлар кеңесі бекіткен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін оларды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіседі немесе болған жағдайда ескертулермен қайтарады.

      Уәкілетті органның ескертулері болған кезде Қор оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады және уәкілетті органға қайта келісу үшін жібереді.

      Уәкілетті органмен келісілгеннен кейін қосымша жарналардың мөлшерлемесін Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде жеткізеді.

      28. Қатысушы сақтандыру ұйымынан Әдістеменің 2-тармағына сәйкес бұрын ұсынылған ақпараттан өзгеше ақпарат алынған жағдайда, Қор қажеттілігіне қарай ақпаратты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады және уәкілетті органға Қордың директорлар кеңесі бекіткен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін қайта келісу үшін жібереді, ал қатысушы сақтандыру ұйымдары шартты міндеттемелерді бекітілген мөлшерлемелер негізінде қалыптастырады.

      29. Қатысушы сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін есептеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) тоқсан сайын дербес жүргізеді.

      30. Қатысушы сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін аннуитеттік сақтандырудың әрбір түрі бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін есептеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есепті тоқсанның басындағы және соңындағы кепілдік берілетін аннуитеттік сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшерлері арасындағы оң айырмаға көбейту арқылы тоқсан сайын дербес жүргізеді.

      31. Шартты міндеттеменің есептеу нәтижесінде алынған мөлшері жақын бүтін мәнге дейін дөңгелектенеді.

      32. Қатысушы сақтандыру ұйымының Әдістеменің 29, 30-тармақтарына сәйкес есептелген шартты міндеттемелері қатысушы сақтандыру ұйымының бұрын есептелген шартты міндеттемелерін ұлғайтуға бағытталады.

      33. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымының бухгалтерлік есебінде есепке алынады және қаржылық есептілігінде көрсетіледі.

4-тарау. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері

      34. Қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды Заңда белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлейді.

      35. Қатысушы сақтандыру ұйымдары төтенше жарналарды Қордан төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламаны алған күннен бастап Қордың директорлар кеңесі белгілеген күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде төлейді. Төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламада қатысушы сақтандыру ұйымы төлеуге тиіс төтенше жарнаның мөлшері болады.

      36. Қор төтенше жарналарды кезеңдік төлемдер түрінде төлеу қажеттілігін белгілеген жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімдерде төлейді.

      37. Қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды Қорға төлеген кезде осы қатысушы сақтандыру ұйымының шартты міндеттемелері өзі төлеген төтенше жарналардың сомасына азайтылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады