"Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 30 маусымдағы № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шiлдеде № 23418 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілгенадамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19360 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларында:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Басқарушы компанияның атқарушы орган функциясын жеке дара атқаратын адаммен немесе атқарушы орган басшысымен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.

      8. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларынан жазбаша хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаны іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы, сондай-ақ күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім туралы хабарландыру орналастырады, осы мерзім ішінде қатысушылар осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш береді, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде.";

      көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілген Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конкурсқа қатысуға келесідей біліктілік талаптарына сай келетін жеке тұлғалар жіберіледі:

      1) жоғары білімі бар. Тең жағдайларда артықшылық Басқарушы компанияның негізгі қызметіне және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың салалық бағытына (экономика, қаржы, басқару (менеджмент) саласындағы және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына сәйкес келетін басқа салаларда (магистр, ғылым кандидаты/докторы, PhD дәрежесі) сай келетін салаларда қосымша білімі бар үміткерлерге беріледі;

      2) негізгі қызмет түрі экономика және (немесе) өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғалардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 10 (он) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл; не арнайы экономикалық және (немесе) мемлекеттік индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады