Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шiлдедегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шiлдеде № 23674 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 29-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 264 бұйрығына қосымша

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 29-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәртібі

      2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларын:

      1) жергілікті деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

      2) республикалық деңгейде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      3. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үш жылдық кезеңге әзірлейді.

      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органдарға, орталық мемлекеттік органдардың мүдделі аумақтық бөлімшелеріне, мүдделі жұртшылыққа Қазақстан Республикасының Экология кодексіне 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесіне сәйкес проблемалық мәселелерді жою бойынша іс-шаралар туралы сұратулар жібереді.

      5. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралард жоспарының жобасын қарау кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды іріктеу үшін мынадай параметрлер ескеріледі:

      1) аймақтың қоршаған ортасының ағымдағы жай-күйі (оның ішінде аймақтың қоршаған ортасының жай-күйіне экологиялық мониторингтің, зертханалық зерттеулердің, мүдделі экологиялық жұртшылықтың қоғамдық мониторинг нәтижелерінің деректері);

      2) экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы тарихи проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар орындалмаған жағдайда экологиялық залал тәуекелі (болжамды ауқымы);

      3) экологиялық проблемаларды жоюдың қолданыстағы тәсілдері, әдістері, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұсынылатын іс-шараларға балама тәсілдер мен әдістер;

      4) қоршаған ортаның сапасын арттырудың болжанатын экологиялық әсері, оның ішінде халықтың денсаулығы үшін;

      5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізудің болжамды нәтижелері;

      6) нақты іс-шараны іске асыру құнын есептеу;

      7) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту жылының алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы сомалары жөніндегі ақпарат;

      8) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың өзге де мәселелері (жұмыс орындарын құру, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жергілікті жеткізушілерін тарту, импортты алмастыру, өзгелер).

      6. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сапаның экологиялық нормативтеріне, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың елді мекендерінің бас жоспарларына қол жеткізуге бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар енгізіледі.

      7. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы қоғамдық тыңдауларға жіберіледі.

      8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен қоса Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

      9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 29-бабының талаптарына және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес келмеген жағдайда Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісуден бас тартады.

      10. Қоршаған орта саласындағы уәкілетті органмен келісілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органы бекітеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының және қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      11. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының шешімі бойынша және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірінші жартыжылдықта жылына бір рет түзетіледі.

  Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі іс-шаралар жоспарын
әзірлеу қағидаларына қосымша

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

№ р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауапты

Орындау мерзімі

Болжамды шығындар (мың теңге)/қосымша көздер (мың теңге)

Қаржы ландыру көздері

Іс-шарадан күтілетін экологиялық әсер*

Ескерту (орын далмау себеп тері)

20__ жыл

20__ жыл

20_ жыл

1. Атмосфералық ауаны қорғау

1











2






















Жиыны










2. Су объектілерін қорғау

1











2






















Жиыны










3. Жағалау және су экожүйелеріне әсер етуден қорғау

1











2






















Жиыны










4. Жерді қорғау

1











2






















Жиыны










5. Жер қойнауын қорғау

1











2






















Жиыны










6. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау

1











2






















Жиыны










7. Қалдықтармен жұмыс істеу

1











2






















Жиыны










8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік

1











2






















Жиыны










9. Басқару жүйелерін және ең озық қауіпсіз технологияларды ендіру

1











2






















Жиыны










10. Ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер

1











2






















Жиыны










БАРЛЫҒЫ










      * атмосфералық ауаға, су ресурстарына және қалдықтардың түзілуіне әсер етуді төмендету бойынша сандық көрсеткіш көрсетіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады