"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 71, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 680 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 371 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 шiлдеде № 23766 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 17195 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 239) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістеме осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев      

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 15 шілдедегі
№ 680,
  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 371 мен
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 22 шілдедегі
№ 71 Бірлескен бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 214
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 18 маусымдағы
№ 605 және
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 307 бірлескен бұйрығымен
бекітілді

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістеме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 239) тармақшасына сәйкес әзірленді және талдамалық, әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді бірыңғай орталықтандырылған және тиімді түрде қарау, іріктеу тәртібін, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындайды және оны республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді іріктеу кезінде мемлекеттік органдар қолданады.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеуді осы Әдістеменің ережелерін ескере отырып жергілікті атқарушы органдар өз бетінше жүзеге асырады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) әлеуметтанушылық зерттеу – зерттеу нысанасын жан-жақты талдаумен сипатталатын әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерделеуге, сондай-ақ оларды кейіннен орын алған проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға бағытталған зерттеу;

      2) талдамалық зерттеу – талдамалық әдістер негізінде экономиканың нақты сегментінде мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған зерттеу;

      3) шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеу – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізетін зерттеуі.

2-тарау. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау

      3. Зерттеулердің тақырыптарын іріктеу Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына негізделеді.

      Сыртқы саясат мәселелері бойынша зерттеулерді қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын қызмет шеңберінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында зерттеулер жүргізуге жол берілмейді.

      4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      5. Комиссияның жұмыс органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей, алдағы үш жылға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің, сондай-ақ шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің жоспарланып отырған тақырыптарының тізбесін ұсыну жөнінде мемлекеттік органдарға сұрау салу жолдайды.

      Мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 20 наурыздан кешіктірмей республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жолдайды. Тізбеге әрбір зерттеу бойынша тиісті негіздемелермен бірге, түсіндірме жазбахат қоса беріледі.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің экономиканың тиісті салалары мен аяларының дамуына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелер) өз құзыреттері шегінде ұсынылған Тізбені:

      1) бастамашылық жасалған зерттеулер тақырыптарының орындылығы мен негізділігі, олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі, зерттеулердің ұлттық жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және/немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелері көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланушылық дәрежесін бағалау;

      2) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы неғұрлым маңызды ағымдағы міндеттерді шешу кезінде бастамашылық жасалған зерттеулер тақырыптарының уақтылылығы мен өзектілігі;

      3) зерттеулер тақырыптарының, мақсаттары мен міндеттерінің мемлекеттік органдардың функцияларын қайталауын болдырмауы тұрғысынан қарайды.

      7. Құрылымдық бөлімшелер қарау нәтижелері бойынша Комиссияның жұмыс органына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша қорытындылар (бұдан әрі – қорытындылар) ұсынады.

      Қорытындыларды құрылымдық бөлімшелер Тізбенің келіп түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынады.

      8. Мемлекеттік органдар ұсынған зерттеулердің негізінде 10 жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органы осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің жиынтық тізбесін (бұдан әрі – Жиынтық тізбе) қалыптастырады.

      9. Комиссияның жұмыс органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 сәуірден кешіктірмей құрылымдық бөлімшелерінің қорытындыларын ескере отырып, Жиынтық тізбені Комиссия отырысына қарауға енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Комиссия Жиынтық тізбені мақұлдағаннан кейін Комиссияның жұмыс органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 5 мамырдан кешіктірмей, мақұлданған Жиынтық тізбемен бірге, Комиссия отырысының хаттамасын мемлекеттік органдарға жолдайды.

      11. Мақұлданған Жиынтық тізбені нақтылау мақұлданған зерттеулер тақырыптарының атаулары өзгерген және мемлекеттік органдар зерттеулердің қосымша тақырыптарын ұсынған кезде осы Әдістемеде белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар жоспарланатын кезең жылының 25 қаңтарынан кешіктірмей Комиссияның жұмыс органына өзгертілген және қосымша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің, шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тізбесін ұсынады.

      12. Мемлекеттік органдар жыл сайын, 15 маусымнан кешіктірмей Комиссияның жұмыс органына зерттеулердің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық мақсаттарымен интеграциялануы, ұлттық жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және/немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары және/немесе нәтижелер көрсеткіштері, зерттеулердің тиімділігінің бағалауы, алынған тікелей және жанама нәтижелер, зерттеулер ұсынымдарының практикалық қолданылуы көрсетілген түсіндірме жазбахатты қоса бере отырып, осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен жылғы іске асырылған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша есептік ақпаратты ұсынады.

      13. Зерттеулердің бастамашылық жасалған тақырыптарының орындылығы мен негізділігін, олардың елдің ұлттық басымдылықтарына, стратегиялық әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сәйкестігін, жүргізілген зерттеулердің нәтижелілігі мен қолданылу дәрежесін зерттеулер тақырыптарын мәлімдеген мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарлама әкімшісі қамтамасыз етеді.

      14. Зерттеулерді жүргізу аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдар 10 жұмыс күні ішінде зерттеулер нәтижелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15034 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің бірыңғай дерекқорына, сондай-ақ "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, зерттеулер нәтижелері туралы деректерді ресми интернет-ресурсқа орналастырады.

      15. Талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің құнына зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты мынадай шығындар:

      1) зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының жалақысы;

      2) әлеуметтік салық, әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары;

      3) қосылған құн салығы;

      4) зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      5) сыртқы сарапшыларды тарту;

      6) материалдар сатып алу (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары, материалдық қор);

      7) байланыстың көрсетілетін қызметтері (халықаралық телефонмен сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);

      8) көліктік көрсетілетін қызметтер;

      9) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдері: сауалнамалар, бағыттау парақтары, карточкалар, зерттеулер есептері, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);

      10) курьерлік көрсетілетін қызметтер (материалдарды жөнелту);

      11) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу үшін жалдау төлемақысы;

      12) банктік көрсетілетін қызметтер;

      13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына қолжетімділік;

      14) аударма қызметтері қосылады.

      Зерттеу шығындарының өзге де ерекшелігі туындаған кезде мемлекеттік органдар шығындар құрылымын салалық ерекшеліктерді ескере отырып бекіте алады.

      16. Мыналар:

      1) ықтимал залалдарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) ақпараттық ілгерілету шығыстары (жарнама);

      4) демеушілік көмек;

      5) айыппұлдар, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыбы шығындарға қосылмайды.

  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемеге
  1-қосымша

      Нысан

__________________________________________ бойынша (мемлекеттік органның атауы) _______ жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тізбесі

Зерттеудің атауы

Іске асырылу жылдары

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері

Жүргізілетін зерттеудің өзектілігі мен уақтылығы, экономикалық орындылығы және негізділігі

Зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық мақсаттарымен интеграциялануы, зерттеудің ұлттық жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және/немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелері көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланушылық дәрежесін бағалау (мақсаттарды, индикаторларды және көрсеткіштерді көрсете отырып)

Зерттеуден күтілетін нәтижелер




1 2 3 4 5 6 7 8 9

1









2









Барлығы








  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемеге
  2-қосымша

      Нысан

__________________________________________ бойынша (мемлекеттік органның атауы) _______ жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша қорытынды

 

Зерттеудің атауы

Іске асырылу жылдары

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері

Зерттеудің өзектілігі және уақтылығы

Зерттеуден күтілетін нәтижелер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің қорытындысы (қолдау табады немесе қолдау таппайды). Қолдау таппаған мәлімделген тақырыптар бойынша негіздеме ұсыну қажет




1 2 3 4 5 6 7 8 9

Бағдарлама:

1









2









Барлығы








  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемеге
  3-қосымша

      Нысан

__________________________________________ бойынша (мемлекеттік органның атауы) _______ жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің жиынтық тізбесі

Зерттеудің атауы

Іске асырылу жылдары

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері

Жүргізілетін зерттеудің өзектілігі мен уақтылығы, экономикалық орындылығы және негізділігі

Зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық мақсаттарымен интеграциялануы, зерттеудің ұлттық жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және/немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелері көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланушылық дәрежесін бағалау (мақсаттарды, индикаторларды және көрсеткіштерді көрсете отырып)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қорытындылары




1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









Барлығы








  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемеге
  4-қосымша

      Нысан

__________________________________________ бойынша (мемлекеттік органдардың атауы) _______ жылдарға арналған іске асырылған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша есептік ақпарат

Зерттеудің атауы

Зерттеудің мақсаты, міндеттері

Зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық мақсаттарына, ұлттық жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және/немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне сәйкестігі

Зерттеу нәтижелері бойынша алынған ұсынымдар

Алынған ұсынымдардың мемлекеттік органның қызметінде қолданылуы

Зерттеудің тиімділігін бағалау (тікелей және жанама нәтижелер)

1

2

3

4

5

6

7

1







2








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады