Стационарлық байқау пункттері және мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін байқау пункттері туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 тамыздағы № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23836 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 167-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Стационарлық байқау пункттері және мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін байқау пункттері туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2021 жылғы 2 тамыздағы
№ 284 Бұйрықпен
бекітілген

Стационарлық байқау пункттері және мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін байқау пункттері туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Стационарлық байқау пункттері және мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін байқау пункттері туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 167-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленген және стационарлық байқау пункттері (бұдан әрі – СБП) және мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін байқау пункттерінің (бұдан әрі – ЛБП) мақсаттарын, міндеттерін, түрлерін, негізгі функцияларын және күзету аймақтарының шекараларын белгілеу және орнату тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) стационарлық байқау пункті (станция, бекет) – тіркелген географиялық координаттарымен қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқау пункті;

      2) атмосфераның ластану жай-күйін байқау пункті – тіркелген географиялық координаттарымен атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшеуге арналған, онда орнатылған аспаптары мен жабдықтары бар байқау пункті;

      3) агрометеорологиялық байқау – метеорологиялық элементтерді (ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері және басқалар), ауыл шаруашылығы және жайылым өсімдіктерінің өсуі мен дамуын, топырақтың жай-күйін және өткізілетін агротехникалық және зоометриялық іс-шараларды бір уақытта байқау;

      4) актинометриялық байқаулар – тікелей, шашыраңқы және жиынтық күн радиациясының үдемелілігін, сондай-ақ тиімді сәулеленуді, радиациялық теңгерім мен альбедоны (топырақтың шағылыстырғыш қабілеті) байқау;

      5) аэрологиялық байқаулар – атмосфералық ауа сипаттамаларын түрлі биіктіктерге радиозондтың көмегімен көтерілетін аэрологиялық аспаптармен өлшеу;

      6) гидрологиялық байқаулар – су объектілерінің жай-күйін байқау (судың деңгейі, температурасы және шығыны, мұз құбылысы, қатты ағын, толқын), сондай-ақ олармен байланысты жауын-шашынды, ауа температурасын, қар жамылғысын байқау;

      7) атмосфераның ластануын байқау – селитебті аумақтардағы елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшеу;

      8) жерге жақын метеорологиялық байқаулар – атмосфераның жерге жақын қабатындағы метеорологиялық элементтердің сандық мәнін және олардың ауытқуын өлшеу, сондай-ақ атмосфералық құбылыстың сапалық сипаттамасын байқау (мысалы, бұлттың формасы мен жауын-шашынның түрлері);

      9) озонометриялық байқаулар – ультрафиолетті спектр маңында күн сәулесін озонмен сіңіруін өлшеу жолымен атмосферадағы озонның құрамын анықтау;

      10) радиолокациялык метеорологиялық байқаулар – метеорологиялық радиолокаторды пайдалана отырып, радио толқындар жаңғырығын бағалауға негізделген қатты дауылдарды қоса алғанда, олар ауа райының белгілі бір түрін көрсете алатын атмосфералық құбылыстардың бағдар көрсеткішін, қамтуын, қарқындылығын, қарқынды үрдісін, қозғалу биіктігін өлшеу;

      11) теңіз гидрометеорологиялық байқаулар – теңіздердің жағалық және сағалық ауданындағы теңіз ортасы (судың деңгейі және температурасы, толқыны, тұщылығы және басқа) мен атмосфераның (ауа температурасы, желдің жылдамдығы мен бағыты, атмосфералық құбылыстар) жай-күйінің сипаттамаларын байқау;

      12) радиометриялық байқаулар – қоршаған ортаның радиациялық фонын байқау;

      13) мамандандырылған байқаулар – метеорологиялық және гидрологиялық режимнің жергілікті ерекшеліктерін зерделеуге арналған байқаулар, оның ішінде жекелеген дүлей құбылыстардың қалыптасу, туындау және өту жағдайларын байқауға арналған байқаулар кешені;

      14) байқау пунктінің көрнекілігі – СБП орналасуы, онда оның жұмыс істеуіне қоршаған жермен салыстырғанда қатты білінетін және өзіндік жер бедері мен жер үстінің төсем элементтері әсер етпейді, ал СБП байқау осы өңірдің жалпы сипаттамасы үшін көрсетімді;

      15) қатынасы қиын байқау пункттері – күрделі географиялық және климаттық жағдайларда, шөл, биік таулы аймақтарда, немесе ірі елді мекендерден алыс, тұрақты көлік байланысы жоқ қоныстанбаған ауданда орналасқан пункт.

      16) реперлік байқау пункттері – климаттық жағдайлар мен шаруашылық әрекеттердің өзгеру әсерінен климат өзгеруінің көпжылдық үрдістерін, агрометеорологиялық сипаттамаларын құрлық, теңіз су объектілерінің гидрологиялық жай-күйін, геофизикалық үдерістерін зерделеуді жүзеге асыратын байқау пункттері;

      17) теңіз ортасы – судың қабаты мен тереңдігі шектелген қоршаған ортаның физикалық, геологиялық, химиялық және биологиялық факторларының үйлесуі;

      18) күзету аймағы – жүргізілетін гидрометеорологиялық байқаулардың барлық кезеңі ішінде шаруашылық қызметіне шектеулер белгіленетін қоршаған жердің табиғи жағдайына сәйкес келетін стационарлық байқау пункттерінің айналасындағы жер учаскесінің аймағы.

2-тарау. Негізгі мақсаттары және міндеттері

      3. Метеорологиялық, гидрометеорологиялық және атмосфералық ауаның ластануы туралы дәйекті ақпарат алу үшін тиімді байқау желісін құру мақсатында СБП және ЛБП ұйымдастырылады.

      4. СБП негізгі міндеттері атмосфераның, құрлық пен теңіздегі сулардың, топырақтың, жер үстінің, ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйіне жүйелі байқау жүргізу болып табылады.

      5. ЛБП негізгі міндеттері елді мекендердің атмосфералық ауа ластануына жүйелі байқау жүргізу болып табылады (зертханалық талдау жүргізу үшін ластаушы заттардың концентрациясын автоматты өлшеу және (немесе) атмосфералық ауа сынамасын алу).

3-тарау. СБП және ЛБП түрлері

      6. СБП негізгі (тірек), синоптикалық және арнайы болып бөлінеді.

      Негізгі (тірек) СБП толық, дәл берілген және уақыт пен кеңістікте рұқсат етілген гидрометеорологиялық ақпаратты жүйелі алу үшін қызмет етеді. Олардың әрекетінің ұзақтығы жеке аумақтардың су объектілерін, климаттық жағдайларын зерделеу қажеттілігімен, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің болжау құрылымдарына ақпарат беру қажеттілігімен анықталады.

      Негізгі СБП-дан климаттың өзгеру үрдісін, су объектілерінің гидрологиялық режимін айқындауға арналған реперлік пункттер бөлінеді.

      Синоптикалық СБП гидрометеорологиялық жағдайларды болжауға пайдаланылады.

      Арнайы СБП су объектілерінің, суару аймақтарының, ірі қалалардың, орман аймақтардың гидрометеорологиялық сипаттамаларының жергілікті ерекшеліктерін, ірі шаруашылық объектілерін (жылу мен атом электр станцияларын, темір жолдарды, тау-кен өндіруші кәсіпорындарын) және басқа ландшафтарды зерделеуге арналған. Арнайы СБП іс-қимылының ұзақтығы қойылған міндеттермен анықталады.

      Синоптикалық және арнайы СБП автоматты немесе автоматты емес болып бөлінеді.

      7. СБП құрамында қатынасы қиын байқау пункттері ерекшеленеді.

      8. Автоматты ЛБП деректерді тіркеудің берілген мерзімділігімен елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың шоғырлануын автоматты анықтау үшін қызмет етеді.

      9. ЛБП сынамаларды қолмен іріктеу тәуліктің белгіленген уақытында атмосфералық ауаның ластануы туралы ақпарат алуға арналған.

      Олардың әрекет ету ұзақтығы елді мекендердің атмосфералық ауасының ластануын зерттеу қажеттілігімен анықталады.

4-тарау. СБП және ЛБП негізгі функциялары

      11. СБП мынадай функцияларды орындайды:

      1) мынадай байқау түрлерін жүргізу:

      жерге жақын метеорологиялық;

      актинометриялық;

      аэрологиялық;

      радиолокациялық метеорологиялық;

      агрометеорологиялық;

      гидрологиялық;

      теңіз гидрометеорологиялық;

      радиометриялық;

      озонометриялық;

      мамандандырылған.

      2) байқау нәтижелерін жазу және бастапқы өңдеу, қажет болған жағдайда кестелік материалдарды жасау;

      3) байланыс арналары арқылы ақпаратты жинау орталығына байқау деректерін жедел беру.

      12. ЛБП мынадай функцияларды орындайды:

      1) атмосфералық ауаның ластануына байқау жүргізу;

      2) жедел режимде атмосфералық ауаның жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайларын анықтау;

      3) автоматты станциялардан ақпарат жинау орталықтарына байқау деректерін жедел беру.

5-тарау. СБП күзету аймақтарының шекараларын белгілеу және орнату тәртібі

      13. СБП ашылған кезде дұрыс метеорологиялық және гидрологиялық ақпарат алу мақсатында оның айналасында белгілі бір ұзақтығы бар күзету аймақтары орнатылады, оларда экономикалық қызметке шектеулер енгізіледі.

      14. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет СБП-ның күзету аймақтарын СБП түріне және шаруашылық қызметтің жүргізілетін байқауларға әсер ету дәрежесіне байланысты белгілейді және осы Ереженің қосымшасына сәйкес белгімен белгіленеді.

      15. СБП айналасындағы күзету аймақтарының шекаралары тұйық желілер түрінде елді мекендердің бас жоспарларында бейнеленеді және қала құрылысын және басқа жобаларды әзірлеу кезінде ескеріледі.

      16. СБП-ның күзету аймақтарында метеорологиялық және гидрометеорологиялық байқау деректерінің дұрыстығына әсер ететін қоршаған жердің табиғи жай-күйіне СБП айналасындағы күзету аймақтарының сәйкес келуінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен осы аймақтардың сақталуына бағытталған оларды пайдалану жөніндегі талаптар сақталуы тиіс.

  Стационарлық байқау
пункттері және мемлекеттік
байқау желісі атмосферасының
ластану жай-күйін байқау
пункттері туралы ережеге
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы "___" _________
№____ бұйрығымен
бекітілген
  Нысан

СБП күзету аймақтарының шекарасын белгілеуге арналған белгі



      Ескерту:

      Белгі СБП шекарасында көрінетін жерге ілінеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады