I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартының үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23933 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 150-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартының үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын

      реттеу және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 287 Бұйрығымен бекітілген

I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартының нысаны

      "__" _____________жылғы № ____

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (бұдан әрі – I санаттағы объектінің операторы) атынан _________________________________

      негізінде әрекет ететін _________________________________________________ және (немесе) бұдан әрі "Кепіл беруші" деп аталатын _____________________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ______________, бірініші тараптан, және бұдан әрі "Кепіл ұстаушы" негізінде әрекет ететін _________________ Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының атынан _____________________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________________________________,

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) және Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларын басшылыққа ала отырып, кепіл беруші _________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________ мүліктің (бұдан әрі – Мүлік) меншік иесі болып табылатындығын назарға ала отырып,

      Кепіл беруші Кодекске сәйкес объектіге I санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретінде осы Шарттың талаптарында Кепіл ұстаушыға Мүлікті кепілге беруге ниеттенгенін ескере отырып,

      Бірлесіп "Тараптар" деп аталатын немесе жоғарыда көрсетілгендей, Кепіл ұстаушы, Кепіл беруші және I санаттағы объектінің операторы төмендегі туралы I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

      1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) мүлік – Кодекстің 150-бабының 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

      2) әдістеме – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме);

      3) I санаттағы объект – қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін объект, ____________________________________________________________________;

      (осы Шарт бойынша қамтамасыз етілетін пайдалану салдарын жою бойынша, I санаттағы объектінің атауы)

      4) I санаттағы объектінің операторы – меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін жеке немесе заңды тұлға.

      Осы Шартта пайдаланылатын барлық өзге терминдер мен анықтамалар, егер тікелей өзгеше көзделмесе, Кодексте және Азаматтық кодексте көзделген мағынаға ие.

      2-тарау. Кепіл заты

      2. I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша I санаттағы объект операторының міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету, сомасы_________________________________________________________ теңге, (Әдістемеге сәйкес есептелген қамтамасыз етудің жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету), Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға Мүлікті (бұдан әрі – Кепіл заты) кепілге береді.

      3. Осы Шарт бойынша кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемені толық көлемде орындау мерзімі Азаматтық кодексте көзделген мерзімде басталады.

      4. Кепіл беруші Кепіл ұстаушыны осы Шартты жасасу күніне кепіл затының заңды және іс жүзінде үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбағанына сендіреді.

      5. ________________________________және _________________ арасында (I санаттағы объектінің кепіл берушісі/операторы) (сақтандыру ұйымының атауы)

      жасалған №___ ______жылғы мүлікті сақтандыру шартына(бұдан әрі – мүлікті сақтандыру шарты) сәйкес мүлік жоғалу немесе бүліну қаупінен сақтандырылған болып есептеледі.

      6. Егер кепіл ұстаушы өзгеше шешім қабылдамаса, кепіл нысанасы кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалады_____________________________________________________________

      (Кепіл беруші)

      7. Егер мүлік кепілі міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын болса, Кепіл беруші Азаматтық кодекстің 308-бабына сәйкес тиісті мүлікті тіркейді.

      8. Егер Азаматтық кодексте көзделген мағынада айналымдағы тауарлар кепіл нысанасы болған жағдайда:

      1) кепіл затының жалпы құны осы Шарттың 2-тармағында көрсетілген құннан кем болмауға тиіс;

      2) Кепіл беруші кепілге салынған тауарлар бойынша жеке есеп жүргізеді және кепіл ұстаушының бірінші талабы бойынша тауарларды есепке алу кітабына қол жеткізуді ұсынады.

      Кепіл беруші айналымдағы тауарлар кепілінің талаптарын бұзған жағдайда Кепіл ұстаушы кепілге салынған тауарларға өз белгілерін қою арқылы бұзушылық жойылғанға дейін олармен жасалатын операцияларды тоқтата тұруға құқылы.

      9. Егер кепіл заты жылжымайтын мүлік болған жағдайда Кепіл заты Кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалса, егер кепіл ұстаушы өзге шешім қабылдамаса, осы Шарт бойынша құқықтық қатынастар "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі.

      3-тарау. Мүлікті бағалау

      10. Мүлікті бағалауды Кепіл беруші "Бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді.

      11. №______ _______ ________________________жылғы тәуелсіз бағалаушы қызметін

      (лицензия нөмірі) (лицензия берілген күн)

      атқаруқұқығына лицензиясы бар _________________________________________________,

      (Бағалаушының Т.А.Ә.) ("бағалаушы" біліктілігін беру туралы

      куәліктің нөмірі мен берілген күні), дайындаған есепке сәйкес осы Шартты жасасу күніне мүлікті _____________________________________________________________________

      нарықтық құны (_____________________________________) теңге. (сома цифрмен) (сома жазумен)

      12. Осы шарт жасалғаннан кейін Мүліктің нарықтық құнының өзгеруі осы Шарттың 14-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілді өзгерту немесе тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      13. Тараптар осы Шарттың 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін Кепіл берушінің кепіл затына иелік етуге құқығы жоқ деп келісті.

      4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      14. Кепіл беруші:

      1) осы Шартты Кепіл ұстаушы жасасқан күні оған Кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ Мүлікті сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін беруге;

      2) егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті Кепіл ұстаушының келісімінсіз бермеуге немесе оған өзгеше түрде иелік етпеуге;

      3) Кепіл ұстаушыдан басқа қандай да бір тұлғаның пайдасына кепіл затына қатысты кейінгі кепілді, жалға алуды, өтеусіз пайдалануды, өзге де иелік етуді қоса алғанда, қандай да бір құқықты бермеуге;

      4) Кепіл ұстаушыға кепіл затына қатысты кез келген иелік ету, нұсқау, рұқсат беру, хабарлау немесе кез келген басқа құжат туралы және Кепіл беруші қандай да бір үшінші тараптан алған (оның ішінде кепіл берушінің кепіл нысанасына құқықтарын жоғалтуға және (немесе) кепіл затының болуы мен сақталуына қатер төндіретін мән-жайлардың туындағаны туралы) дереу жазбаша хабарлауға;

      5) Кепіл ұстаушының құжаттар бойынша және кепіл затының нақты бар жоғына, жай-күйіне және оларды сақтау шарттарына тексеру жүргізуіне жәрдем көрсетуге;

      6) Кепіл құнының мөлшерін азайту, кепіл нысанасының жоғалу (жойылу немесе бүліну) қаупі туындаған және (немесе) фактісі басталған жағдайда, сондай-ақ соттардың, төреліктердің заңды күшіне енген шешімдері бойынша, мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талап-арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кепіл затына тыйым салынған немесе өзге де ауыртпалық салынған жағдайда, Кепіл ұстаушының талабы бойынша Кодексте көзделген мерзімде және Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес өзге де тең бағалы мүлікті кепілге беруге;

      7) жаза қолданылған жағдайда адал ынтымақтасуға және Кепіл ұстаушының осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылатын кез келген іс-әрекетіне жәрдем көрсетуге;

      8) барлық шығыстарды, оның ішінде осы Шартты жасасу және ресімдеу бойынша шығыстарды көтеруге;

      9) өзінің алдағы таратылуы туралы, сондай-ақ оған қатысты оңалту рәсімінің қабылданғанын, бұл жөнінде белгілі болған күннен бастап осы Шарттың 29-тармағына сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде, Кепіл беруші (заңды тұлғаға) жазбаша түрде Кепіл ұстаушыға хабарлауға міндетті.

      15. Кепіл беруші құқылы:

      1) Кепіл заты Кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалатын болса, Кепіл затын оның мақсатына сәйкес пайдалануға;

      2) Кепіл ұстаушының келісімімен кепіл затын ауыстыруды жүргізуге;

      3) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау арқылы кез келген уақытта Кепіл затын өндіріп алуды тоқтатуға;

      4) егер Кепіл затын өткізу кезінде алынған сома Кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген талабының мөлшерінен асып кетсе, кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде алынған сомамен Кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген талабының мөлшері арасындағы айырманы алуға;

      5) кепіл затын сату кезінде кепіл затын сату өткізілгенге дейін кез келген уақытта кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені немесе оның орындалу мерзімі өтіп кеткен бөлігін орындап, оған өндіріп алуды қолдануды және оны өткізуді тоқтатуға;

      6) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелер толық тоқтатылғаннан кейін Кепіл ұстаушыдан талап етуге:

      осы Шарттың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Кепіл затына қатысты құжаттарды, не Шарттың қолданылу кезеңінде Кепіл ұстаушы қабылдаған өзге де құжаттарды қайтаруға;

      кепілді тоқтату үшін Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан қажетті шаралар қолдануға құқылы.

      16. Кепіл ұстаушы құқылы:

      1) Кепіл берушіден осы Шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне Кепіл затына құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуды және Кепіл ұстаушыға сақтауға беруді талап етуге;

      2) егер Кепіл зат Кепіл берушінің иелігінде қалған жағдайда, Кепіл берушіден тиісті жазбаша талапты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кепіл ұстаушыға берілетін тиіс кепіл затына қатысты кез келген ақпаратты сұратуға;

      3) Кепіл берушіден кепіл затын қолдау, қорғау немесе ауыстыру үшін Азаматтық кодекс шеңберінде қажетті барлық және кез келген іс-әрекеттерді дереу жасауды талап етуге және өз қалауы бойынша кепіл берушіден мұндай шараларды өз бетінше қабылдаған кезде Кепіл ұстаушы шеккен кез келген негізделген шығындар мен шығыстардың толық өтелуін талап етуге;

      4) жеке және заңды тұлғалардан (оның ішінде Кепіл берушіден) оның жоғалуына қатер төндіретін кез келген қол сұғушылықтың тоқтатылуын талап етуге құқығы бар;

      5) осы Шартта және Кодексте көзделген жағдайда, кейіннен қалған бөлігі есебінен қанағаттандыру мүмкіндігін сақтай отырып, өз қалауы бойынша кепіл нысанасының барлығы есебінен не оның бір бөлігі есебінен қанағаттандырылуға

      6) осы Шартқа және Кодекске сәйкес Кепіл ұстаушы Кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кепіл затын өндіріп алуды қолдану арқылы қанағаттандырылуға құқығы бар.;

      7) Кепіл ұстаушы Азаматтық кодекске сәйкес басқа Тараптардың келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге құқылы.

      8) Кепілдің күшіне орай Кепіл ұстаушы Кепіл беруші осы Шарт бойынша кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепіл берушінің басқа кредиторларының алдында кепілге салынған мүлік құнынан басым түрде қанағаттандырылуға құқылы

      17. Кепіл ұстаушы:

      1) қажет болған жағдайда Кепіл берушіге, Кепіл берушінің құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген қажетті ақпарат пен мәліметтер беруге;

      2) I санаттағы объектінің операторы I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін:

      осы Шарттың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кепіл затына қатысты құжаттарды қайтаруға;

      кепілді тоқтату үшін Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан талап етілетін шараларды қабылдауға міндетті.

      5-тарау. Кепіл затын өндіріп алу

      18. Тараптар Кепіл ұстаушының талабын кепіл затының құнынан қанағаттандыру осы Шарттың 19-20-тармақтарында көзделген тәртіппен Кепіл затынан өндіріп алу арқылы жүргізілетіндігімен келіседі.

      19. Кепіл затынан өндіріп алу Азаматтық кодекстің 318, 319 және 320-баптарында белгіленген мүлікті соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен сату арқылы жүргізіледі.

      20. Осы Шарттың 9-тармағында көзделген жағдайда кепіл затын өткізу Заңда көзделген соттан тыс мәжбүрлі тәртіппен жүргізіледі.

      21. Осы Шартқа сәйкес кепіл затын өндіріп алу үшін Кепіл берушінің келісімінсіз Кепіл ұстаушы немесе Қазақстан Республикасының мүддесі үшін әрекет ететін өзге де мемлекеттік орган кез келген уәкілетті адамды тағайындайды.

      22. Кепіл беруші мен I санаттағы объектінің операторы кепіл затына өндіріп алуды қолдану жөніндегі шараларды қабылдау кезінде Кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет жасамауға міндеттенеді.

      23. Кепіл затына өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған сома талапты өтеу үшін жеткіліксіз болған кезде Кепіл ұстаушы кепілге негізделген артықшылықты пайдаланбай, I санаттағы объект операторының өзге мүлкі есебінен өтелмеген бөлігінде өз талабын қанағаттандыруға құқылы.

      Егер Кепіл затына өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған сома Кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген талабының мөлшерінен асып кетсе, айырма Кепіл берушіге қайтарылады.

      24. Осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушының кепіл затын ұстау жөніндегі қажетті шығындарды, өндіріп алу жөніндегі шығыстарды өтеуді және өзге де шығындарды қоса алғанда, I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою құны бойынша оның нақты қанағаттандырылған кезге қарай қандай мөлшерде талап етуі қамтамасыз етіледі.

      6-тарау. Кепілді тоқтату

      25. Осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушыға берілген кепіл тоқтатылады:

      1) І санаттағы объектінің операторы Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған кезде;

      2) осы Шартқа және Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл затынан өндіріп алу қолданылған жағдайда;

      3) оператор I санаттағы объектіні жаңа оператордың меншігіне немесе басқа да заңды иеленуіне берген және жаңа I санаттағы объектінің операторы, Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын басқа да тиісінше қамтамасыз етуді берген кезде Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен жүзеге асырылады;

      4) Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен Кепіл берушінің Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілімен кепілге салынған мүлікті ауыстырған кезде тоқтатылады.

      26. Кепіл берушінің және (немесе) I санаттағы объект операторының жазбаша сұрау салуы бойынша кепіл ұстаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша кепілді тоқтату туралы жазбаны қамтамасыз ету тізіліміне енгізу туралы жазбаша растауды ұсынады.

      7-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      27. Осы Шарт, сондай-ақ осы Шартты орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Азаматтық кодекске сәйкес реттеледі және түсіндірілуге жатады.

      28. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Азаматтық кодексте көзделген сот тәртібінде шешілуге тиіс.

      8-тарау. Хабарламалар

      29. Шарт бойынша Тараптар бір-біріне жіберетін кез келген хабарлама немесе хабарлама жазбаша нысанда және уәкілетті тұлғаның қолы қойылып жасалады. Мұндай хабарлама немесе хабарлама, егер ол тараптардың орналасқан жерінің тиісті мекенжайлары бойынша қолма-қол, не тапсырысты пошта арқылы жеткізілсе, тиісті түрде жіберілген болып есептеледі. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын, оның ішінде осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдау жөніндегі оның функциялары мен өкілеттіктері басқа мемлекеттік заңды тұлғаға берілген жағдайда, Кепіл ұстаушының хабарламасы құқық мирасқорының немесе осындай мемлекеттік заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жіберіледі.

      9-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      30. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы үшін Азаматтық кодекске сәйкес жауапты болады.

      10-тарау. Қорытынды ережелер

      31. Кепіл затына меншік құқығы Кепіл берушіден әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда, кепіл құқығы күшін сақтайды және кепіл берушінің құқықтық мирасқоры осы Шарт бойынша Кепіл берушінің барлық құқықтарына ие болады және барлық міндеттерін мойнына алады.

      32. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе оның I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі, оның ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген жағдайда, осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекске сәйкес басқа Тараптардың келісімінсіз тиісті мемлекеттік заңды тұлғаға ауысады.

      33. Осы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар, егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, олар жазбаша нысанда жасалса және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса ғана күшіне енеді.

      34. Осы Шарт 20__ жылғы "__" __________жасалды.

      35. Осы Шарт орыс және қазақ тілдерінде бірдей заңды күші бар 3 (үш) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

      11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Кепіл беруші:

Кепіл ұстаушы:

________________________________
________________________________
________________________________
(мүлік иесінің толық атауы)

___________________________________
__________________________________
__________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі:

Бизнес сәйкестендіру нөмірі:

________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Мөр орны (бар болса) (жеке кәсіпкерлікті қоспағанда, заңды тұлғалар үшін)

Мөр орны (бар болса) (жеке кәсіпкерлікті қоспағанда, заңды тұлғалар үшін)

I санаттағы объектінің операторы


_________________________________
_________________________________
_________________________________
(I санаттағы объект операторының толық атауы)


Бизнес сәйкестендіру нөмірі:




________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)


Мөр орны (бар болса) (жеке кәсіпкерлікті қоспағанда, заңды тұлғалар үшін)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады