Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 804 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23978 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қолданылғаны туралы хабарласын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Карашукеев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 804 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 240 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынатын тауарлардың тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Тауарлық номенклатурасының коды ( бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) *

Тауардың атауы*

1

1214 90 900 0

Пішен

2

2309 90 960 9 ішінде

Сүрлем

3

1004 10 000 0

Тұқымдық сұлы

4

1004 90 000 0

Басқа да сұлы

5

1002 10 000 0

Тұқымдық қарабидай

6

1002 90 000 0

Басқа да қарабидай

      Ескертпе:

      *Осы тізімді пайдалану мақсатында ЕАЭО СЭҚ ТН кодын және тауардың атауын басшылыққа алу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады