Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23984 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының "Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы" 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 103 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 14 сәуірде № 22540 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 326 Бұйрығымен
бекітілген

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар


п/п
Атауы Көрсеткіш (ҚҚС-сыз)

1

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық баға

191,9 теңге / кВтсағ

2

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаның АҚШ долларымен көрсетілген баламасы

0,45223 АҚШ доллары / кВтсағ

3

Еурода көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаның баламасы

0,38524 Евро / кВтсағ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады