"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 828 Бұйрықпен бекітілген |
Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыру тәртібін айқындайды.
2. "E-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасы (бұдан әрі – мобильді қосымша) салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын жеңілдету мақсатында әзірленді.
3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында 2021 жылғы
1 қазаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.
Бұл ретте Ақмола және Жамбыл облыстарының аумағында пилоттық жобаны іске асыру 2021 жылғы 31 тамыздан басталады.
4. Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын, мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелген дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер), сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар;
2) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
2 тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
5. Мобильді қосымшаны пайдаланушы ретінде тіркелу үшін дара кәсіпкерлер, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар мобильді қосымшаны жүктеп алып, оны пайдаланушы ретінде авторизацияланады.
6. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлға пилоттық жобаға қатысу үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін көрсете отырып, мобильді қосымшаны пайдалану арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеуді жүргізеді.
7. Мобильді қосымша мынадай:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою, осындай тіркеу есебінен шығару;
2) салық режимін таңдау және ауыстыру;
3) деректері дара кәсіпкердің мобильді қосымшасына енгізілген дара кәсіпкер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар төлейтін дара кәсіпкердің және жеке тұлғалардың қызметкерлерін есепке алу;
4) қосымша чектерін қалыптастыру, жою, жөнелту, аванстық төлемге (алдағы табыстарға) қосымша чегін беру, алдыңғы кезеңдер үшін осындай деп танылған табыстарды төлеу есебінен ақша қаражатын алу кезінде чектерді беру;
5) қосымша чектер бойынша табысты есепке алу.
Мобильді қосымшада дара кәсіпкердің табысы қосымшадағы чектердің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банк шоттарына аударымдар жөніндегі деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық интеграциялық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған жағдайда) немесе қолмен енгізу арқылы кәсіпкер енгізген деректер бойынша қалыптастырылады;
6) мобильді қосымша чектерінің деректері, оның ішінде, дара кәсіпкер өз бетінше толтырған табыстар бойынша деректер, дара кәсіпкер өз бетінше мобильді қосымшаға мәліметтер енгізген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлер мен жеке тұлғалардың кірістері бойынша деректер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматтандырылған есептеу;
7) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етудің күшін жоя отырып, салықтың және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) мемлекеттік кірістер органдарына оңайлатылған декларацияны автоматты түрде алдын ала қалыптастыру және ұсыну;
9) Салық кодексінің 67-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті тоқтату;
10) дара кәсіпкер ретінде тіркелу туралы анықтаманы және табыс туралы анықтаманы алу;
11) Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағында көзделген хабарламаларды алу;
12) автоматтандырылған есеп айырысу нәтижелері бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу кезінде қолданылады.
8. Салық төлеуші:
1) Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындайды;
2) пилоттық жобаны іске асыру тәртібі туралы мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктеме алады.
9. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) салық төлеушілерге пилоттық жобаны жүргізу мәселері бойынша түсініктемелер береді;
2) мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелген мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүзеге асырады.
10. Пилоттық жобаны жүргізу кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.