"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 427 бұйрығымен бекітіліген |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына (бұдан әрі – арнаулы оқу орны) білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) академиялық анықтама – білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін зерделенген пәндердің, бағдарламалардың тізбесі және академиялық сағаттар немесе кредиттер көлемі;
2) пререквизиттер – пәндер және (немесе) модульдер және зерделенетін пәнді игеруге қажетті білімнен, іскерліктен, дағдылар мен құзыреттерден тұратын оқу жұмысының басқа түрлері;
3) транскрипт – кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;
4) ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
3. Білім алушыларды арнаулы оқу орнына ауыстыру және қайта қабылдау кезінде олар алдыңғы академиялық кезеңде оқыған жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылық анықталады.
4. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты арнаулы оқу орны транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін академиялық анықтамада көрсетілген зерделенген пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.
5. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін ағымдағы академиялық кезең ішінде білім алушы пәндерді жеке график бойынша дербес зерделейді, ағымдағы бақылаудың барлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауға рұқсат алады.
6. Оқу пәнін басқа оқу пәнімен немесе мазмұны бойынша аралас оқу пәндері блогімен пререквезиттеу ретінде анықталған сынақты олар пәндердің мазмұны мен көлеміне сәйкес болған жағдайда қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
7. Меңгерілген кредиттерді (сағаттарды) қайта тапсыру, сондай-ақ оқу курсы білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, білімін, дағдылары мен құзыретін, сондай-ақ оқу нәтижелерін салыстыру негізінде белгіленеді.
8. "Білім туралы" Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілетін Арнаулы оқу орнында білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде жойылмаған академиялық айырмашылық, одан әрі академиялық қарыз болып есептеледі және келесі аралық аттестация кезеңінің басталуына дейін жойылады. Академиялық қарызды жоймаған білім алушы академиялық үлгермеушілігі үшін арнаулы оқу орнынан шығарылады.
Академиялық айырмашылықты жою кезінде қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, қарыз келесі аралық аттестаттау кезеңін дейін жойылады. Қарызды жоймаған жағдайда білім алушы оқудан шығарылуға жатады.
9. Арнаулы оқу орнының бос қабылдау орындары туралы ақпарат арнаулы оқу орнының интернет-ресурсында жарияланады.
2-тарау. Арнаулы оқу орнына ауыстыру тәртібі
10. Білім алушыларды арнаулы оқу орнына курстан курсқа, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, басқа жоғары оқу орындарынан (бұдан әрі – ЖОО) ауыстыру жүзеге асырылады.
Ауыстыру талаптарға сәйкес және қабылдаушы оқу орнының келісімімен жүргізіледі.
11. ЖОО-дан білім алушыларды ауыстыру, егер бакалавриат үшін жұмыс оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспайтын болса, сондай-ақ әскери-дәрігерлік комиссияның оқуға жарамдылығы туралы қорытындысы болған кезде оқу жылының нәтижелерін және жинақталан ауыстыру балын есепке ала отырып, тиісті курста бос орындар болған кезде жазғы каникул кезеңінде жүзеге асырылады.
12. ЖОО-дан арнаулы оқу орнында оқуға ауыстыруға ниет білдірген кандидат арнаулы оқу орны бастығының атына еркін нысанда ауыстыру туралы өтініш береді.
Ауыстыру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) арнаулы оқу орнына ауыстыру туралы жазылған өтініштің көшірмесін және бұрынғы оқу орнынан басшының қолы мен мөрі қойылған жазбаша келісім;
2) қолы қойылған және мөр басылған транскриптінің көшірмесі;
3) ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғаны туралы сертификат;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) білім беру гранты иесінің куәлігі (егер болса);
6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы туралы анықтама.
13. Тиісті курста бос орындар болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде арнаулы оқу орны бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы оқу орнына ауыстыру туралы қорытынды шығарады.
14. Қорытындының көшірмесі кандидаттың тұрғылықты жері бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметіне (бұдан әрі – ТЖД) жолданады.
15. ТЖД кадр қызметі:
1) оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады;
2) кандидат оқуға Қазақстан Республикасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 6-бабының талаптарына сәйкес келгенде арнаулы оқу орнына оқуға кандидаттың жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу кепілдігі бар ұсыныс хатты жолдайды.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Арнаулы оқу орны жеке істі, қорытындының көшірмесін, транскрипті, жұмыс оқу жоспарын, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификатты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне кандидатты арнаулы оқу орнына ауыстыру мәселесін келісу үшін жолдайды.
17. Арнаулы оқу орны ұсынған ауыстыру туралы материалдарды арнаулы оқу орны комиссиясы жылына бір рет қаралады.
Арнаулы оқу орны комиссиясы материалдарды қарау нәтижесі бойынша он бес жұмыс күні ішінде білім алушыны арнаулы оқу орнына ауыстыру немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
18. Арнаулы оқу орны комиссиясы шешімінің негізінде арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен оқуға кандидат арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылданады.
19. Арнаулы оқу орнының бастығы оқуға кандидатты арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оқуға кандидат бұрын оқыған ЖОО-ға оның оқу ісін жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға оқуға кандидатты білім алушылар қатарына қабылдау туралы арнаулы оқу орны бастығы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.
20. Шетелдік жоғары оқу орнынан (бұдан әрі – шетелдік ЖОО) білім алушы ауысқан жағдайда оқу бағдарламаларын меңгергені туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт) ұсынылады.
21. Шетелде жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған адамдарды шетелдік ЖОО-дан ауыстыру кезінде "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану қағидалары) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өткен білім алуды аяқтағаны туралы құжатты ұсынады.
Қазақстан Республикасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған адамдарды шетелдік жоғары оқу орнынан арнаулы оқу орнына ауыстыруға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары) 4-тармағына сәйкес олар белгіленген шекті балдан төмен емес балмен ҰБТ өткен жағдайда жол беріледі.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Арнаулы оқу орнына қайта қабылдау тәртібі
22. Білім алушыларды арнаулы оқу орнына оқуға қайта қабылдау ЖОО-да білім алушылар қатарынан жүзеге асырылады.
23. Білім алушыларды арнаулы оқу орнына қайта қабылдау жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде жүзеге асырылады.
24. Білім алушыларды қайта қабылдау ТЖД басшысының қолдаухаты негізінде арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен жүргізіледі.
25. Арнаулы оқу орнына қайта қабылдау үшін азаматтар арнаулы оқу орны бастығының атына қайта қабылдау туралы еркін нысанда өтініш береді.
26. Арнаулы оқу орны бұрын оқыған орны бойынша білім алушының білім алу бағдарламаларын меңгергені (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ алдыңғы білім беру деңгейін бітіргені туралы құжаттарды ұсыну туралы сұрау жолдайды.
27. Тиісті курста бос орындар болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде арнаулы оқу орнының бастығы оқу орнына кандидатты оқуға қайта қабылдау туралы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды шығарады және бекітеді.
28. Қорытындының көшірмесі кандидаттың тұрғылықты жері бойынша ТЖД кадр қызметіне жолданады.
29. ТЖД кадр қызметі:
1) оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 6-бабының талаптарына сәйкес келген кезде оқуға кандидаттың жеке ісін және оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға кепілдік берілген ұсыныс хатты арнаулы оқу орнына жібереді.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Тиісті курста бос орындар болған жағдайда арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен оқуға кандидат білім алушылар қатарына қабылданады.
31. Бұйрықтың көшірмесі ТЖД кадр қызметіне жолданады.
32. Шетелдік ЖОО-да білім алушыны қайта қабылдау кезінде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт) ұсынылады.
Шетелде жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған адамдарды шетелдік ЖОО-дан қайта қабылдау кезінде Тану қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тану рәсімінен өткен білім алуды аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
Қазақстан Республикасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған адамдарды шетелдік жоғары оқу орнынан арнаулы оқу орнына қайта қабылдау Оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес олар белгіленген шекті балдан төмен емес балмен ҰБТ өткен жағдайда жол беріледі.
Нысан
Қорытынды _________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"________________________________" жоғары білім беру бағдарламасы
бойынша _________ оқу нысаны бойынша келесі курстарға
"____________________________" мемлекеттік мекемесіне оқуын одан әрі
жалғастыру үшін ауыстыру (қайта қабылдау) туралы
_______________________________________ ұсынған құжаттар
(өтініш, Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
транскрипт) негізінде мынадай академиялық айырмашылық белгіленді:
р/с | Пәндердің және оқу жұмысы түрлерінің атауы | Барлық сағат | Бақылау нысаны | ||
Кредиттер (сағат) саны | Кандидаттың анықтамасы | Оқу жоспары (оқу орнының атауы) | Кандидаттың анықтамасы | ||
Жалпыға міндетті компонент | |||||
1. | |||||
Жоғары оқу орнының компоненті | |||||
2. |
Үлгерімнің орташа балы -_______
Қорытынды: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының
12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің 20____жылғы "_____" _______ №___ бұйрығымен бекітілетін
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына
ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары" ___ тармағына сәйкес
__________________ курсына оқуға __________________ ауыстыруы (қайта қабылдау)
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________ ___________
ЖОО атауы___________ "_________ -_________________________" жоғары
білім беру бағдарламасы бойынша ____________ факультетінің ___ курсына
(20___жыл) оқуға ауыстыру (қайта алу) мүмкін (мүмкін емес) деп есептелсін.
Академиялық айырмашылық белгіленген мерзімде жойылады.
Жоғары оқу орны факультетінің бастығы ____________________________
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)