"Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 772 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте № 24302 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17330 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмесе, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыға осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес қайтарады.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭҮТШ арқылы алады.

      Тиісті құжаттарды тексеру және ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны топологияға айрықша құқық беруді тіркеу туралы хабардар етеді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмесе, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыға осы қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес қайтарады.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭҮТШ арқылы алады.

      Тиісті құжаттарды тексеру және ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны топологияны пайдалануға құқық беруді тіркеу туралы хабардар етеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім немесе әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.".

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады