"Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қыркүйекте № 24390 болып тіркелді

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 102-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу қызметін жүзеге асыруға уәкілетті "Ақпараттық-есепке алу орталығы" акционерлік қоғамы;

      2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы – "www.dfo.kz" мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;

      3) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      4) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңі:

      акциялар үшін – уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін осы акциялар шығарылымының күші жойылған күнге дейінгі кезең;

      облигациялар үшін – облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін облигацияларды шығару проспектісінде айқындалған кезең;

      пайлар үшін – уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін инвестициялық пай қорының қызметі тоқтатылған күнге дейінгі кезең;

      өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар үшін – осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында айқындалған кезең;

      5) электрондық есеп – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба қойылатын жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандары, Қағидалардың 3, 4, және 5-тармақтарында көрсетілген ақпарат бар толтырылған тиісті шаблоны.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және шетел мемлекетінде жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналымға түспейтін эмитент Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мәліметтерге қосымша есепті тоқсанның соңғы күнінен кейінгі 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тоқсан сайын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жария етуді жүзеге асырады, ол мыналардан тұрады:

      1) қаржы ұйымын қоспағанда, акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген, "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп;

      2) екінші деңгейдегі банкті қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген, "Қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;

      3) екінші деңгейдегі банк болып табылатын акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес жасалған екінші деңгейдегі банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;

      4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген, "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес жасалған ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп, – ипотекалық ұйым болып табылатын акционерлік қоғам үшін;

      5) акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп.

      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және оның бағалы қағаздары шетел мемлекетінің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түсетін эмитент тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, ал осы эмитенттің еншілес ұйымы бар болатын болса - ХҚЕС-қа сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ресми тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Екінші деңгейдегі банк болып табылатын, бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және оның бағалы қағаздары шетел мемлекетінің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түсетін эмитент Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерден басқа, сондай-ақ ресми тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген ақпаратты береді.

      7. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізілетін эмитент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, ал еншілес ұйымдары болған жағдайда – мыналарға:

      1) акционерлік қоғамдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) үшін –Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген тізбеге және нысандарға;

      2) қаржы ұйымы үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына;

      3) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – ХҚЕС-ға сәйкес жасалған жылдық жеке жылдық қаржылық есептілікті, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті орналастыруды жүзеге асырады.

      Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті эмитент "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынады.

      8. Эмитент қаржылық есептілік депозитарийіне ұсыну үшін корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелерінің есепті жыл үшін сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғалары туралы мәліметтерін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" электрондық сервисі арқылы қалыптастырады.

      Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған ақпарат, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған тоқсан сайынғы қаржылық есептілік және есепті жылға акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпарат, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер мынадай тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:

      1) "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" электрондық сервисі арқылы тиісті шаблон толтырылады;

      2) шаблонды толтыру нәтижесінде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есеп қалыптастырылады;

      3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:

      Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты орналастыру кезінде – эмитенттің PDF электрондық форматта сканерленген өтінімі (бірінші басшы немесе осыған уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және корпоративтік оқиға бар ақпараттық хабарламаның мәтінін қазақ және орыс тілдерінде шаблонында теру нәтижесінде басып шығарылған өтінімнің қағаз нұсқасының расталған сканерленген көшірмесі);

      эмитенттер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе өзінің бастамасы бойынша жария ететін, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің "электрондық досье" қосымша бетінде орналастырылатын PDF электрондық форматындағы сканерленген құжаттар қоса беріледі;

      4) электрондық есеп оны қаржылық есептілік депозитарийі құрылымына енгізу үшін қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне жіберіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарда, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер туралы ақпарат)

1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен;
4) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында эмитентті, оның еншілес ұйымдарын ерікті түрде тарату немесе ерікті түрде қайта құру туралы шешім қабылданған жағдайда:
қайта құрылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жері атауы; эмитентті қайта құру нысаны мен талаптары;
5) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.
Эмитенттің жалғыз акционері (қатысушысы) болған жағдайда жалғыз акционердің (қатысушының) шешім қабылдаған күні, жалғыз акционердің (қатысушының) қабылдаған шешімдері, эмитенттің шешімі бойынша өзге де мәліметтер көрсетіледі.

акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      ";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Эмитенттің акционерлерінің (қатысушыларының) құрамы туралы және (немесе) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызына ие акционерлердің (қатысушылардың) құрамы:
жеке тұлға үшін - тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - заңды тұлғалардың толық атауы мен орналасқан жері;
2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамын өзгерту күні (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде өзгерістер енгізу немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесі тіркелген күні немесе Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде);
3) эмитенттің акционерлерінің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістердің мәні:
жеке тұлға үшін - акционерлердің (қатысушылардың) құрамына енгізілген не акционерлердің (қатысушылардың) құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - акционерлердің (қатысушылардың) құрамына енгізілген не акционерлердің (қатысушылардың) құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері.

эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі немесе Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде өзгерістердің тіркелуін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      ";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысы немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын ірі мәмілелер және мәмілелер жасасу туралы қабылдаған шешім туралы ақпарат

1) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле туралы шешім қабылдау күні;
2) акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысында немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) мәміле түрі;
4) мәміле мәні;
5) ірі мәміленің және (немесе) мүдделілігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық мөлшерлемесі акционерлік қоғам органы осындай мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күнгі осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәмілені және (немесе) мүдделілігі бар мәмілені жасауы туралы шешімде банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болса, ақпаратты орналастыру кезінде ірі мәмілені және (немесе) мүдделілігі бар мәміле жасау туралы шешім қабылданған күн ғана, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге де ақпарат жарияланады. Акционерлік қоғамның ірі мәмілені және (немесе) мүдделілігі бар мәмілені жасауы туралы бір жұмыс күні ішінде бірнеше шешім қабылдаған кезде акционерлік қоғамның осындай бірнеше шешім бойынша ақпарат қамтылған бір өтінімді ұсынуы арқылы осындай шешімдер бойынша ақпарат беруге жол беріледі.

акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      ".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады