Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 444 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қыркүйекте № 24400 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 444 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заңы) және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының (бұдан әрі – арнаулы оқу орны) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) және өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларын (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

      2. Арнаулы оқу орны "Білім туралы" Заңының 63-бабына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарынан тыс ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасасу арқылы ақылы негізде мына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынады:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      2) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру;

      3) ғылыми зерттеулер жүргізу;

      4) оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және (немесе) іске асыру.

      3. Арнаулы оқу орны ақылы қызмет түрлерінің тізбесі мен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты көрсетілген ақпаратты ақпараттық стендтерінде және интернет-ресурсында орналастырады.

      4. Ақылы негізде қызмет көрсететін арнаулы оқу орны және білім алушының, оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің, өзге де жеке және заңды тұлғалардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шартпен реттеледі.

      5. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеу кассалық кіріс ордерлері негізінде қолма-қол ақша арқылы міндетті түрде бақылау-касса машиналарын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды қолдана отырып, арнаулы оқу орнының ақылы қызметтерінің шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

      6. Арнаулы оқу орнына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін қаражаты арнаулы оқу орнының тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларына сәйкес жұмсалады.

      Арнаулы оқу орнының иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жасалады.

      7. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудан, кәсіптік білім беруді ұйымдастырудан, ғылыми зерттеулер жүргізуден, оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеуден және (немесе) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:

      1) білім беру мекемелерінің оқу-материалдық базасын нығайтуға;

      2) оқу жабдығы мен құрал-жабдықтарды, оның ішінде оқу-тәжірибе аумағында жұмыс істеу үшін сатып алуға;

      3) білім алушылардың тамақтануын, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетуін жақсарту жөніндегі шығыстарды жабуға;

      4) оқу-өндірістік шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейту;

      5) асханаларды ұстауға (жалақы, тамақ өнімдерін сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделі жөндеу және басқа да шығыстар);

      6) білім беру ұйымдарын, оқу корпустары мен жатақханаларда ағымдағы жөндеу өткізуге;

      7) спорт алаңдарын орнатуға;

      8) сауықтыру іс-шараларына;

      9) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;

      10) үйірмелер мен секцияларды ұйымдастыруға байланысты іс-шараларға;

      11) ақылы білім беру қызметтерін көрсететін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге;

      12) қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақылар мен ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдерді белгілеуге;

      13) көлік құралдарын сатып алуға;

      14) жабдықтар, мүкәммал (оның ішінде жұмсақ) және киім-кешек сатып алуға;

      15) жылытуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға және басқа да коммуналдық шығыстарға, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшін заттар мен материалдарды сатып алуға, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге, көлік қызметтеріне ақы төлеуге арналған және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстарға;

      16) ғимараттар мен құрылыстарды қайта құруға және күрделі жөндеуге;

      17) қозғалтқыштарды пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстарға;

      18) оқу-қосалқы қосымша шаруашылықтар мен оқу-тәжірибе аумағындағы өндірістік қызметіне байланысты шығындар, оның ішінде осы қызметте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге;

      19) іссапар шығыстарына.

      8. Ғылыми зерттеулер жүргізуден, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:

      1) жалақы – барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алып, ғылыми зерттеу жүргізуге қатысатын зерттеу тобы мүшелерінің еңбегі үшін сыйақыға;

      2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарларға;

      3) бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтері – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың зерттеулерді орындау үшін қажетті көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналар;

      4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын сатып алуға;

      5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;

      6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдамалық материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу жөніндегі өзге де қызметтерге арналған шығыстарға;

      7) үй-жайларды жалға алуға;

      8) жабдықтар мен техниканы жалға алуға;

      9) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканың пайдалану шығыстары жатады.

      9. Арнаулы оқу орны ақшасының түсуі мен жұмсалуын есепке алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) және "Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады