"Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қыркүйекте № 24466 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21388 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 85 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 8 қазандағы
№ 73 бұйырығына қосымша

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттері

Жергілікті атқарушы орган Жергілікті атқарушы органдар борышының
лимиті, мың теңге
1 2 3

1

Ақмола облысы

88 738 575,4

2

Ақтөбе облысы

87 317 084,9

3

Алматы облысы

137 317 574,0

4

Атырау облысы

63 735 870,2

5

Батыс Қазақстан облысы

88 326 081,1

6

Жамбыл облысы

127 925 947,9

7

Қарағанды облысы

126 320 434,5

8

Қостанай облысы

87 403 306,3

9

Қызылорда облысы

96 817 655,9

10

Маңғыстау облысы

68 707 440,2

11

Павлодар облысы

74 632 066,7

12

Солтүстік Қазақстан облысы

77 328 849,1

13

Түркістан облысы

194 545 358,3

14

Шығыс Қазақстан облысы

131 817 523,1

15

Алматы қаласы

268 579 100,9

16

Нұр-Сұлтан қаласы

204 874 533,5

17

Шымкент қаласы

119 357 296,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады