"Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 21 қазандағы № 546 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қазанда № 24856 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:

      Қағиданың 2-қосымшасында:

      1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды.";

      Қағиданың 3-қосымшасында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бөлігінде сараптама жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен ауыз сумен жабдықтаудың бетіндегі және жерасты негіздерінің санитариялық қорғау аймағын, эпидемиологиялық маңыздылығы бар обьектілердің санитарлы-қорғау аймақтарын қысқарту бөлігінде түзету бойынша келісу;

      2) қалалық және ауылдық елді мекендеріне, курорт аймақтарына құрылыс салудың, елді мекендерге жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары;

      3) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды.";

      Қағиданың 4-қосымшасында:

      1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тапсырыс беруші бекіткен күрделі жөндеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма;

      4) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды.";

      Қағидаларға 5-қосымшада:

      Реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша):
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (әуеайлақтан 15 км шегінде орналасқан және биіктігі 45 м және одан жоғары объектілер бойынша);
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында және нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген құрылыс жобасын өзге де келісулер.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады