БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
1-бөлімде:
1.5.-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1.5. Ұйымның қызметін құқықтық қамтамасыз ету және азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу";
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
107 | Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілері | Тұрақты | Қағаз жеткізгіштегі құжат және онымен бірдей электрондық құжаттар. |
"; |
мынадай мазмұндағы 243-1-тармақпен толықтырылсын:
"
243-1 | Жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорын қолдау шаралары шеңберінде жасалатын кепілдік шарттары | 10 жыл СТК | Электрондық құжаттар*. |
"; |
616-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
616 | Электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестігін растайтын тіркеу куәліктері туралы құжаттар (өтінімдер, өтініштер, хабарламалар, табельдер және басқа құжаттар) | Тұрақты | Электрондық құжаттар*. |
"; |
898-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
898 | Өзіндік мәні бар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша аралық немесе кезеңдік есептер | Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
"; |
1006-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
1006 |
Пайдалы қазбалардың өсуі жөніндегі есептер: |
|
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
". |
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрдің міндетін атқарушы | Е. Еркинбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция атқарылуын бақылау жөніндегі министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің есеп комитеті |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |