2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2022 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 95 Бұйрыққа қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2022 жылға арналған лимиттері
№ | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 | Ақмола облысы | 89 469 216,4 |
2 | Ақтөбе облысы | 92 943 831,9 |
3 | Алматы облысы | 137 748 057,0 |
4 | Атырау облысы | 66 682 401,2 |
5 | Батыс Қазақстан облысы | 91 298 812,1 |
6 | Жамбыл облысы | 129 523 805,9 |
7 | Қарағанды облысы | 136 071 393,5 |
8 | Қостанай облысы | 92 254 780,3 |
9 | Қызылорда облысы | 99 527 907,8 |
10 | Маңғыстау облысы | 72 675 253,2 |
11 | Павлодар облысы | 78 883 034,7 |
12 | Солтүстік Қазақстан облысы | 79 028 984,1 |
13 | Түркістан облысы | 173 520 799,3 |
14 | Шығыс Қазақстан облысы | 135 270 385,1 |
15 | Алматы қаласы | 266 394 411,9 |
16 | Нұр-Сұлтан қаласы | 227 579 483,5 |
17 | Шымкент қаласы | 126 595 687,0 |