"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы Ереженің 17-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж. Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |
Басшысының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 27 бұйрығымен бекітілді |
Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) халықаралық стандарттарға сәйкес ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу үшін қолданады және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін пайдаланады.
3. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық Қоғамдастықтардың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы ҰШЖ пайдаланылды.
4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – ұлттық шоттар жүйесінің елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі;
2) тауарлар мен қызметтерді тұтыну – өндіріс процесінде немесе адамның қажеттіліктерін немесе тілектерін тікелей қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді толық пайдалану актісі;
3) түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе тұтастай қоғам өздерінің жеке немесе ұжымдық мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін толық пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну;
4) жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы жинақталуының, материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруінің және олардың істен шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны;
5) материалдық айналым құралдары – бұл ағымдағы кезеңде немесе бұдан ерте кезеңде пайда болған және сатуға, өндірісте пайдалануға немесе кейінірек басқа пайдалану түрлеріне арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден тұратын өндірілген активтер;
6) материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі – қорлардан шығып қалу құнын шегергендегі және есепті кезең ішінде материалдық айналым құралдары қорларында болған тауарлардың кез келген ағымдағы шығасыларының құнын шегергендегі материалдық айналым құралдары қорларындағы түсімдердің құны;
7) негізгі капиталдың жалпы қорланымы – өндірушілердің болашақта жаңа табысты қалыптастыру үшін өндірісте қолданатын негізгі құралдардың шығып қалу құнын шегергендегі жаңа және бар негізгі құралдарды сатып алу құны;
8) құндылықтар – негізінен өндіру немесе тұтыну мақсатында пайдаланылмайтын, бірақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде құнының қорлары ретінде сақталатын айтарлықтай құнды өндірілген тауарлар;
9) импорт – ел ішінде пайдалануға арналған және кері экспорт үшін шетелден тауарлар әкелу;
10) экспорт – сыртқы нарықта өткізу үшін тауарларды елден шығару, сондай-ақ шетелде шығарылатын тауарлардың кері экспорты;
11) үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан тұратын экономикалық субъект;
12) мемлекеттік басқару органдары – осы аумақ шегіндегі басқа бірліктерге қатысты заң шығарушы, сот немесе атқарушы билікке ие, саяси процестер нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың бірегей типтері;
13) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКЕҰ) – негізінен үй шаруашылықтары немесе тұтастай қоғам үшін нарықтық емес қызметтер өндірумен айналысатын және ресурстары ерікті жарналар есебінен қалыптастырылатын заңды бірліктер;
14) нарықтық емес шығарылым – үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар немесе мемлекеттік басқару органдары өндірген, басқа институционалдық бірліктерге немесе жалпы қоғамға тегін немесе экономикалық тұрғыдан болмашы бағалар бойынша ұсынылатын тауарлар мен жеке немесе ұжымдық қызметтер;
15) бейрезидент – резидент болып табылмайтын бірлік;
16) резидент – экономикалық мүдделерінің басым орталығы осы елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта экономикалық қызметтен салыстырмалы түрде ұзақ кезең (бір жыл және одан да көп) бойы айналысатын бірлік;
2-тарау. Ұлттық шоттар жүйесіндегі түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнім
5. ЖІӨ-ні түпкілікті пайдалану компоненттері ҰШЖ-да тауарлар мен қызметтер шотында, қолда бар табысты пайдалану шотында және капиталмен жасалатын операциялар шотында көрсетіледі.
6. Тауарлар мен қызметтер шоты ҰШЖ іргелі тепе-теңдігін көрсетеді, елде өндірілген тауарлар мен қызметтер тұтынылуы, жинақтау үшін пайдаланылуы немесе экспортталуы тиіс және осы елде пайдаланылған барлық тауарлар мен қызметтер осы елде өндірілуі немесе импортталуы тиіс. Тауарлар мен қызметтер шотының құрылымы осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
7. Қолда бар табысты пайдалану шоты түпкілікті тұтынуға арналған шығыстарды (мемлекеттік басқару, ҮШҚКЕҰ және үй шаруашылықтары) жүзеге асыратын секторлар үшін қолда бар табыс түпкілікті тұтыну мен жинақ арасында қалай бөлінетінін көрсетеді. Қолда бар табысты пайдалану шотының құрылымы осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.
8. Капиталмен жасалатын операциялар шотында қаржылық емес активтермен операциялар көрсетіледі, қаржылық шотта қаржылық активтермен және міндеттемелермен операциялар тіркеледі.
3-тарау. Ағымдағы бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу
1-параграф. Түпкілікті тұтыну компоненттері
9. ЖІӨ-ні түпкілікті тұтыну компоненттері:
түпкілікті тұтынуға шығыстар;
жалпы қорланым;
таза экспорт.
10. Ағымдағы бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім;
ТТШ – түпкілікті тұтынуға шығыстар;
ЖҚ – жалпы қорланым;
ТЭ – таза экспорт.
2-параграф. Түпкілікті тұтынуға шығыстарды есептеу
11. Түпкілікті тұтынуға шығыстар келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ТТШ – түпкілікті тұтынуға шығыстар;
ҮШТТШ – үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға шығыстары;
МБСТТШ – мемлекеттік басқару секторының түпкілікті тұтынуға шығыстары (бұдан әрі – МБС);
ҮШҚКЕҰТТШ – ҮШҚКЕҰ түпкілікті тұтынуға шығыстары.
12. Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстары осы елдің резидент - үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына немесе қызметтеріне арналған шығыстарын білдіреді, тұтыну тауарлары мен қызметтерін сатып алуды, бартер бойынша алынған тауарлардың шартты бағаланған құнын, заттай нысанда алынған тауарлар мен қызметтерді, бір үй шаруашылығымен өндірген және тұтынатын тауарлар мен қызметтерді қамтиды; негізгі қорларды сатып алуға немесе құндылықтарды сатып алуға шығыстарды қамтымайды.
13. Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға шығыстарын қалыптастыру мынадай топтар бойынша жүзеге асырылады:
ішкі нарықтағы тұтыну тауарлары мен қызметтері;
жеке тұтыну үшін өндірілген тауарлар;
тұрғын үй иелері жеке түпкілікті тұтынуы үшін жүргізген тұрғын үй қызметтері;
ақы төленетін қызметкерлер жүргізген үй қызметтері;
шетелдегі резидент – үй шаруашылықтарының таза сатып алуы;
МБС бірліктеріне төлемдер.
14. Үй шаруашылықтарының ішкі нарықтағы тұтыну тауарлары мен қызметтеріне шығыстары мынадай салалардың жалпымемлекеттік статистикасының деректері негізінде қалыптастырылады:
ішкі сауда;
тұрмыс деңгейі статистикасы;
қызмет көрсету статистикасы;
денсаулық сақтау статистикасы;
білім беру статистикасы;
байланыс статистикасы.
Үй шаруашылықтарының қаржылық қызметтері мен сақтандыру қызметтеріне шығыстары уәкілетті орган бекіткен және Бюроның ресми интернет-ресурсындағы "Әдіснама" бөлімінде орналастырылған келесі әдістемелерге сәйкес қалыптастырылады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14362 болып тіркелген) Қаржы делдалдығы қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 қазандағы № 226 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14393 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15627 болып тіркелген) Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 16 тамыздағы № 118 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15687 болып тіркелген) Зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметтерін есепке алу әдістемесі.
15. Үй шаруашылықтарының өздерінің түпкілікті тұтынуы үшін өндірген ауыл шаруашылық және өнеркәсіп тауарларына шығыстары тұрмыс деңгейі статистикасының деректері негізінде қалыптастырылады.
16. Тұрғын үй иелері жеке түпкілікті тұтынуы үшін жүргізген, үй шаруашылықтарының тұрғын үй қызметтеріне шығыстары тұрғын үй рентасын шығарылымынаң шамасына тең.
17. Ақы төленетін қызметкерлер жүргізген үй жұмысы немесе басқа да қызметтерге үй шаруашылықтарының арналған шығыстары үй шаруашылықтарының жалдамалы қызметкерге төлейтін еңбекақыны білдіреді және өндіріс әдісімен есептелген ЖІӨ "Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі" саласының шығарылымы шамасына тең.
18. Шетелдегі резидент - үй шаруашылықтарының таза сатып алуы шетелдегі резидент - үй шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен қызметтеріне жұмсалатын шығыстары мен елдің экономикалық аумағындағы резидент еместердің тұтыну тауарлары мен қызметтеріне жұмсалатын шығыстары арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетелдегі резидент - үй шаруашылықтарының таза сатып алуын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкімшілік деректері негізінде жүзеге асырылады.
19. ҰШЖ-да қызметтерді сатып алу ретінде жіктелетін үй шаруашылықтарының мемелекеттік басқару органдарына төлемдері куәліктер, паспорттар алу үшін төлемдер сомасы ретінде есептеледі.
Қалыптастыру көзі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің әкімшілік деректері болып табылады.
20. МБС-ға резидент бірліктердің төмендегі топтары енгізіледі:
мемлекеттік басқару органдарының бірліктері;
мемлекеттік басқару органдары бақылайтын нарықтық емес коммерциялық емес ұйымдар;
әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік қорлары.
21. Үй шаруашылықтарына тегін немесе экономикалық тұрғыдан болмашы бағалар бойынша ұсынылатын тауарлар мен қызметтерге МБС-ны түпкілікті тұтыну шығыстары МБС-ның нарықтық емес шығарылымы және үй шаруашылықтарына беру үшін нарықтық өндірушілерден МБС сатып алған тауарлар мен қызметтердің құны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нарықтық емес шығарылымы ретінде есептеледі.
22. Мемлекеттік басқару секторының нарықтық емес шығарылымын бағалау шығындар әдісімен жүзеге асырылады. Шығындар әдісі ҰШЖ-да жіктелетін шығыстарды жиынтықтаудан тұрады:
еңбек ақы төлеу;
аралық тұтыну;
негізгі капиталды тұтыну;
өндіріске басқа субсидияларды шегергендегі өндіріске басқа салықтар.
23. МБС-ның нарықтық емес шығарылымын және үй шаруашылықтарына ұсыну үшін нарықтық өндірушілерден МБС-ның сатып алған тауарлар мен қызметтер құнын бағалау көзі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің әкімшілік деректері болып табылады.
24. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нарықтық емес шығарылымын бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 271 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14539 болып тіркелген) және Бюроның ресми интернет-ресурсында "Әдіснама" бөлімінде орналастырылған Орталық банктің көрсетілетін қызметтерін есепке алу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
25. МБС-ның түпкілікті тұтынуға шығыстары Мемлекеттік басқару органдары функцияларының жіктелімі бойынша функцияларға сәйкес жіктеледі.
26. Тауарлар мен қызметтер жекелеген үй шаруашылықтарына немесе тұтастай қоғамға ұсынылуына қарай, мемлекеттік басқару секторының түпкілікті тұтынуға шығыстары мыналарға бөлінеді:
жеке тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстар;
ұжымдық қызметтерге шығыстар.
27. Жеке тауарлар мен қызметтер келесі сипаттамаларға ие:
жеке үй шаруашылығының немесе оның мүшесінің тауарды немесе қызметті сатып алуын, сондай-ақ ол болған уақытты бақылау және көрсету;
тауар немесе қызмет оларды бір үй шаруашылығының немесе адамның сатып алуына арналған, бұл оларды басқа үй шаруашылықтарының немесе тұлғалардың сатып алуына жол бермейді.
28. Ұжымдық қызметтер келесі сипаттамаларға ие:
ұжымдық қызметтер бір уақытта қоғамның әр мүшесіне немесе қоғамның белгілі бір бөліктеріне, мысалы, нақты өңірде немесе жергілікті жерде аймақта орналасқандарға бір мезгілде ұсынылады;
бұл қызметтерді пайдалану пассивті сипатқа ие және айқын түрде келісімді қажет етпейді;
бір адамға ұжымдық қызмет көрсету қоғамның басқа мүшелеріне ұсынылатын қызметтер санын азайтпайды.
29. Үй шаруашылықтарына тегін немесе экономикалық тұрғыдан болмашы бағалар бойынша ұсынылатын тауарлар мен қызметтерге ҮШҚКЕҰ түпкілікті тұтыну шығыстары ҮШҚКЕҰ нарықтық емес шығарылымы және үй шаруашылықтарына ұсыну үшін нарықтық өндірушілерден ҮШҚКЕҰ сатып алған тауарлар мен қызметтердің құны ретінде есептеледі.
30. ҮШҚКЕҰ нарықтық емес шығарылымын бағалау осы Әдістеменің 22-тармағына ұқсас шығындар әдісімен жүзеге асырылады.
31. ҮШҚКЕҰ түпкілікті тұтыну шығыстарын бағалау көзі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері және ЖІӨ өндіріс әдісімен есептелген компоненттердің көрсеткіштері болып табылады.
3-параграф. Жалпы қорланымды есептеу
32. Жалпы қорланым келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ЖҚ – жалпы қорланым;
НКЖЖ – негізгі капиталдың жалпы қорланымы;
МАҚҚӨ – материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі;
Қ – шығарылуын шегергендегі құндылықтарды сатып алу.
4-параграф. Таза экспортты есептеу
33. Таза экспорт келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ТЭ – таза экспорт;
Э – тауарлар мен қызметтер экспорты;
И – тауарлар мен қызметтер импорты.
34. Таза экспорттың шамасы Қазақстан Республикасының Төлем балансының АҚШ долларындағы деректері бойынша айқындалады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орташа тоқсандық бағамы бойынша ұлттық валютаға аударылады.
5-параграф. ЖІӨ компоненттерін келісу
35. Соңғы кезеңде ресурстардың тараптарын теңгерімдеу және тауарлар мен қызметтердің шоттарын пайдалану арқылы өндіріс және түпкілікті пайдалану әдістерімен есептелген ЖІӨ компоненттерін келісу жүргізіледі. Теңгерімдеу бақыланбайтын экономика (бұдан әрі – БЭ) шеңберінде өндірілген тауарлар мен қызметтерді есепке алумен жүзеге асырылады.
Егер теңдік орындалса, тауарлар мен қызметтер шоты теңгерімді болады:
Шығарылым + импорт + өнімдерге салықтар - өнімдерге субсидиялар = аралық тұтыну + түпкілікті тұтыну + жалпы қорланым + экспорт
36. БЭ-ны бағалау келесі әдістемелерге сәйкес жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19215 болып тіркелген) Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15848 болып тіркелген) Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі.
37. Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен есептелген ЖІӨ арасындағы айырмашылықты білдіретін шама статистикалық сәйкессіздік болып табылады.
4-тарау. Тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу
38. Тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ тұрақты бағаларда бағаланған оның компоненттерін қосу арқылы есептеледі.
39. Өнімді тұрақты бағамен бағалау дефляторлау және экстраполяциялау әдістерімен жүзеге асырылады.
Дефляторлау әдісімен есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
P – базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі өнімнің құны;
Pt – ағымдағы кезеңдегі өнімнің құны;
I – тиісті өнім түрлерінің баға индексі.
Экстраполяциялау әдісімен есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
P – базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі өнімнің құны;
Pb – базистік кезеңдегі өнімнің құны;
Iv – базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі нақты көлем индексі.
40. Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға шығыстарын тұрақты бағаларда бағалау тиісті тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индекстерімен дефляторлау әдісімен жүзеге асырылады.
41. МБС мен ҮШҚКЕҰ-ның түпкілікті тұтынуға шығыстарын тұрақты бағаларда бағалау мынадай топтар бойынша дефляторлау әдісімен жүзеге асырылады:
МБС және ҮШҚКЕҰ көрсететін нарықтық емес қызметтердің құны – тиісті қызмет көрсету түрінің шығарылымы бойынша есептелген индекс дефляторлармен;
МБС мен ҮШҚКЕҰ-ның нарықтық өндірушілерден үй шаруашылықтарына тегін немесе экономикалық болмашы бағалар бойынша беру үшін сатып алған тауарлар мен қызметтердің құны – тиісті тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индекстерімен.
42. Тұрақты бағаларда негізгі капиталдың жалпы қорланымын бағалау келесі топтар бойынша дефляторлау әдісімен жүзеге асырылады:
ғимараттар мен имараттар - құрылыстағы баға индекстерімен немесе құрылыстағы орташа айлық жалақы индексімен;
жерді жақсарту - құрылыстағы баға индекстерімен;
машиналар мен жабдықтар – отандық машиналар мен жабдықтар үшін өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индекстерімен және импорттық машиналар мен жабдықтар үшін импорттық түсімдер бағаларының тиісті индекстерімен;
биологиялық активтер - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индекстерімен;
кітапханалардың, ғылыми-техникалық ақпарат органдарының, мұрағаттардың, мұражайлардың және осыған ұқсас мекемелердің қорлары-өндірушілердің полиграфиялық өнеркәсіп өнімдеріне баға индекстерімен;
өндірілмеген активтерге меншік құқығын беруге байланысты шығындар – жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша қызметтерді шығару бойынша дефлятормен;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер – "Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер" экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақы индексімен";
пайдалы қазбалар қорларын барлау және бағалау – құрылыстағы баға индекстерімен немесе "Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер"экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақы индексімен;
компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер қоры – өндірушілердің тиісті өнімге баға индекстерімен немесе "Компьютерлік бағдарламалау" экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақы индексімен;
ойын – сауық, әдеби және көркем туындылардың түпнұсқалары-отандық өнім үшін тұтыну бағаларының тиісті индекстерімен және импорттық өнім үшін импорттық түсімдер бағаларының тиісті индекстерімен;
43. Тұрақты бағаларда материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін бағалау үшін қорлардың салалық шығу тегі бойынша топтамада жылдың орташа бағаларында бағаланған материалдық айналым құралдары қорларының өсуі туралы ағымдағы бағалардағы деректер қолданылады. Көрсетілген деректер өткен жылға қарағанда өндірушілердің есепті жылғы тиісті баға индекстеріне немесе тиісті салалардың шығарылымы бойынша есептелген дефляторларға бөлінеді.
44. Құндылықтарды сатып алуды тұрақты бағаларға қайта есептеу кезінде тиісті индекстермен ағымдағы бағаларда есепті жыл үшін деректерді дефляторлау әдісі пайдаланылады. Алтын мен бағалы металдарды бағалау үшін әлемдік нарықтың баға индекстері пайдаланылады.
45. Тұрақты бағаларда тауарлардың экспортын бағалау өнімнің экспорттық жеткізілімдері бағасының тиісті индекстерімен дефляторлау әдісімен жүзеге асырылады.
46. Тұрақты бағаларда тауарлардың импортын бағалау өнімнің импорттық түсімдері бағасының тиісті индекстерімен дефляторлау әдісімен жүзеге асырылады.
47. Қызметтер экспортын бағалау үшін келесі әдістер қолданылады:
экспорттық қызметтердің осы түрін көрсетуге мамандандырылған бірліктер қызметкерлері санының индексі бойынша немесе қызметтер көрсетілген бейрезиденттер санының индексі бойынша ағымдағы бағаларда өткен жылғы деректерді ұлттық валютада экстраполяциялау;
экономиканың тиісті салаларындағы орташа жалақы индексі бойынша ағымдағы бағаларда есепті жылғы деректерді ұлттық валютада дефляторлау.
48. Қызметтер импортын бағалау үшін мына әдістер қолданылады:
осы Әдістеменің 47-тармағында көрсетілген, бірақ олар үшін индекстер тиісті қызмет түрінің импортында басым елдердің деректері бойынша есептеледі;
тауарлар импорты бойынша қалыптасқан дефлятор қолданылады.
Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесіне 1- қосымша |
Тауарлар мен қызметтер шотының мысалы
млн. теңге
Операциялар | Қорытынды |
Ресурстар | |
Шығарылым | |
Өнімге салынған салықтар | |
Өнімдерге субсидиялар | |
Тауарлар мен қызметтер импорты | |
Пайдалану | |
Аралақ тұтыну | |
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | |
Жалпы қорланым | |
Тауарлар мен қызметтер экспорты |
Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесіне 2 - қосымша |
Қолда бар табысты пайдалану шотының мысалы
млн. теңге
Операциялар және теңгерімдеуші бабтар | Қорытынды |
Ресурстар | |
Қолда бар табыс | |
Зейнетақы құқықтарының өзгеруіне түзету | |
Пайдалану | |
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | |
Зейнетақы құқықтарының өзгеруіне түзету | |
Жинақтау |