"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемеcі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
______________ Е. Біртанов
2017 жылғы 14 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 18 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 125 бұйрығымен бекітілді |
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) халықаралық стандарттарға сәйкес заңсыз қызмет көлемдерін бағалауда және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін қолданады.
3. Экономика салаларына заңсыз қызмет түрлерінің әсерін бағалау осы Әдістеменің мақсаты болып табылады.
4. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы ҰШЖ және 2012 жылғы 16 шілдедегі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы пайдаланылған.
5. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:
1) аралық тұтыну – есепті кезеңде өндіріс процесінде толық тұтынылатын немесе өзгеретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құны;
2) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – өндірістік қызметтің соңғы нәтижесін сипаттайды және берілген өндірістік процестегі өңдеумен қосылған құндылықты білдіреді. Салалар деңгейінде өнімнің шығарылымы және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде есептеп шығарылады, өндіріс процесінде тұтынылатын негізгі капиталдың құнын қамтиды;
3) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі;
4) институционалды бірлік – өз атынан активтерді иеленуге, міндеттемелерді қабылдауға, экономикалық қызметке қатысуға және басқа бірліктермен операцияларға кіруге әрекет ете алатын экономикалық бірлік;
5) ҰШЖ – елдің экономикалық қызмет нәтижелерін сипаттайтын шоттар мен кестелердің айқындалған жинағы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштердің жүйесін білдіреді.
6. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау кезіндегі ақпараттық қор:
1) ресми статистикалық ақпарат;
2) әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректері болып табылады.
2-тарау. 2008 жылғы ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес заңсыз қызмет көлемдерін бағалауға арналған әдіснамалық тәсіл
7. Бақыланбайтын қызмет түрлері Ұлттық шоттарды құру кезінде пайдаланылатын негізгі дереккөздерден ақпаратты жинау кезінде қамтылмайтын өндірістік қызмет түрлерін қамтиды.
8. Бақыланбайтын қызмет түрлері мынадай топтарға бөлінеді: жасырын (көлеңкелі), заңсыз, формальды емес.
9. Тиісті лицензиясы (рұқсаты) жоқ өндірушілердің заңмен тыйым салынған немесе заңсыз болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруі және жүзеге асыруы заңсыз қызметке жатады.
10. Заңсыз қызметтің өлшемшарттары қызмет түрін ЖІӨ есептеулеріне жатқызудың жалпы өлшемшарттары болып табылады. Қызмет түрлерін заңсыз қызметке жатқызудың негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) қызмет түрінің ҰШЖ өндіріс саласының шекараларымен қамтылуы:
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі процесінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін қоса алғанда өндіруші болып табылмайтын институционалдық бірліктерге ұсынылатын немесе ұсынуға арналған жеке немесе ұжымдық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі;
өзінің түпкілікті тұтынуы немесе капиталдың жалпы қорлануы үшін өндірушілері ұстап қалатын тауарларды өзінің түпкілікті пайдалануына өндіру;
меншік тұрғын жайларында тұрып жатқан адамдардың тұрғын үй қызметтерін өзінің түпкілікті тұтынуына арналған өндіріс, сондай-ақ жалдамалы үй қызметшісі ұсынатын үй және жеке көрсетілетін қызметтер;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу.
11. Заңсыз әрекет мынадай екі санат бойынша жіктеледі:
1) сатылуы немесе иелік етуі Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі;
2) Тиісті лицензиясы (рұқсаты) жоқ немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелмеген өндірушілердің тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі.
3-тарау. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау
1-параграф. Сатылуына немесе иелік етуіне Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынған тауарларды өндіру мен тарату көрсеткіштерін есептеу
12. Осы әдістемеде сатылуына немесе иелік етуіне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тауарларды және көрсетілетін қызметтерді өндірудің келесі түрлері қарастырылған:
есірткі бизнесі (героинді, каннабиноидтерді апиынды өндіру және тарату);
жезөкшелік.
13. Есірткімен байланысты заңсыз қызмет ел ішінде есірткіні өндіруді, экспорт пен импортты, сондай-ақ оларды тұтынушыларға жеткізу мен сату бойынша қызметті қамтиды.
14. Героинді тұтыну көлемін есептеу:
C=N x D (1)
мұндағы:
C – есірткіге тәуелді барлық адамдардың бір жылда есірткіні тұтынуы (грамм);
N – есірткіге тәуелділер саны (адам);
D – есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда орташа тұтынатын есірткі құралдарының саны (грамм).
Бұдан әрі елдегі импорт көлемі бағаланады:
(2)
мұндағы:
I – импорт (грамм);
C – героинді тұтыну (грамм);
Prg – көшедегі героин тазалығы
Pwg – көтерме героин тазалығы
ЖҚҚ ЖІӨ-мен салыстырылатын, негізгі нәтиже беретін көрсеткіш болып табылады:
GVA = TM - IC (3)
мұндағы:
GVA – ЖҚҚ (миллион теңге);
TM – сауда үстеме бағасы (миллион теңге);
IC – аралық тұтыну (млн. теңге).
Есірткі саудасында аралық тұтыну көп емес және сауда үстеме бағасынан 10% болып бағаланды.
Сауда үстеме бағасын анықтау үшін тұтыну мен есірткінің импортын құндық мәнде қайта есептеу өткізіледі. Есірткі импорты көтерме бағада, тұтыну бөлшек бағада бағаланады.
(4)
мұндағы:
ТМ – сауда үстеме бағасы (теңге);
С – тұтыну (грамм);
I – героин импорты (грамм);
Pr – бөлшек баға граммға теңге
Pw – көтерме баға граммға теңге
15. Каннабиноидтердің шығарылымын есептеу каннабиноидтерді ішкі тұтыну ішкі өндіріс есебінен қанағаттандырылады деген шартпен қалыптастырылады.
(5)
мұндағы:
Dp – марихуана мен анашаның ішкі өндірісі (теңге);
N – есірткіге тәуелділер саны (адам);
D – есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда орташа тұтынатын есірткі құралдарының саны (грамм);
Pw – марихуана мен анашаның көтерме бағасы (граммға теңге).
(6)
мұндағы:
GVA – ЖҚҚ (миллион теңге);
Dp – ішкі өндіріс (миллион теңге);
TM – сауда үстеме бағасы (миллион теңге);
IC – аралық тұтыну (миллион теңге).
(7)
мұндағы:
TM – сауда үстеме бағасы (теңге);
C – тұтыну (граммға теңге);
Pr – бөлшек баға (граммға теңге);
Pw – көтерме баға (граммға теңге).
16. Апиынның шығарылымын есептеу тұтынылатын есірткі көлемі толықтай импортталады деген шартпен жүргізіледі.
(8)
мұндағы:
I – апиын импорты (теңге);
N – есірткіге тәуелділер саны (адам);
D – есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда орташа тұтынатын есірткі құралдарының саны (грамм);
Pw – көтерме баға (граммға теңге).
ЖҚҚ мен сауда үстеме бағасын анықтаудағы тәсіл есірткінің басқа түрлерімен ұқсас.
GVA = TM - IC (9)
мұндағы:
GVA – ЖҚҚ (миллион теңге);
TM – сауда үстеме бағасы (миллион теңге);
IC – аралық тұтыну (миллион теңге).
(10)
мұндағы:
TM – сауда үстеме бағасы (миллион теңге);
I – импорт (грамм);
Pr – бөлшек баға (граммға теңге);
Pw – көтерме баға (граммға теңге).
17. Жезөкшелікпен байланысты заңсыз қызмет: жалпы шығарылым, аралық тұтыну, ЖҚҚ көрсеткіштерінің негізінде есептелінеді.
Есептеулерді "төменнен-жоғары" жүргізу орынды болып табылады, себебі әртүрлі өңірлер арасында аталған қызмет түрлерінің бағаларында айтарлықтай айырмашылық бар.
Жезөкшелік қызметінің шығарылымын анықтаудың негізгі әдісі оны ұсыныстар (ресурстар) жағынан қызметкерлер саны мен олардың орташа жалақысы туралы деректер негізінде анықтау болып табылады.
Жезөкшелік қызметінің шығарылымы көрсетілген қызметтен түскен түсім мөлшерінде анықталады.
(11)
мұндағы:
Oprost – жезөкшелік қызмет шығарылымы (теңге);
Nwcs – жұмыскерлерінің саны (адам);
Pa – көрсетілетін қызметке орташа баға (теңге);
Nscc – бір жылда жолығулар саны (бірлік).
Есептеулерде тіркелген және есепте тұрған жұмыскерлері туралы ресми деректер және осы қызмет түрінде анағұрлым ықтималдықпен айналысатын адамдардың саны бойынша жете есептеулер пайдаланылады.
Жезөкшелікті аралық тұтынуға:
1) клиенттерге қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын жалданатын пәтерді жалдау ақысы;
2) интим-салондарды, сауналарды, массаж салондарын ұстаушылар төлейтін үй-жайды жалдау ақысы;
3) киімге, косметикаға, сақтануға арналған және арнайы жабдықтарға жұмсалатын шығыстар;
4) көлікке, жабдықтарға және жарнамаға шығыстар (газеттерге жарнамалар, сайттарды жүргізу) жатқызылады.
Аралық тұтыну үлесі көрсетілетін қызметтің осы түрі бойынша сараптамалық негізде 30%-ға бағаланған. Жалпы қосылған құн шығарылымнан аралық тұтынуды шегеру арқылы анықталады. Есірткі тауарларын өндіру және жезөкшелік қызметтерді есептеу осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
2-параграф. Лицензиясы (рұқсаттары) жоқ немесе Қазақстан Республикасы
заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелмеген өндірушілердің тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерді өндіру көрсеткіштерін есептеу
18. Осы әдістемеде тиісті лицензиясы (рұқсаттары) жоқ немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген өндірушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірудің келесі түрлері қарастырылған:
браконьерлік;
заңсыз алкоголь өнімдерін өндіру;
шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелерін өндіру;
контрабанда
19. Браконьерлік. Осы қызмет түрі:
1) ағашты заңсыз кесу;
2) заңсыз аң аулау;
3) балықты заңсыз аулау ішкі түрлері бойынша бөлінген.
Алып қойылған өнім (ағаш, жануарлар) туралы деректер негізінде нарықтық бағаларды ескере отырып заңсыз ағаш кесу және аң аулау бойынша шығарылым анықталады.
(12)
мұндағы:
O – шығарылым (теңге);
Qcg – тәркіленген өнім көлемі (м3 немесе дана);
Pa – орташа баға (1 м3 немесе данаға теңге).
Аралық тұтыну үлесі ретінде тиісті саланың заңды өндірісіндегі аралық тұтыну деректері пайдаланылады. ЖҚҚ шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады.
Балықты заңсыз аулауды бағалау өндіріс, экспорт, импорт және елде балықты тұтыну туралы деректер негізінде жүргізіледі. Бір жағынан тұтыну (пайдалану) және екінші жағынан ел ішіндегі өндіріс пен экспорт сальдосының (ресурстар) арақатынасы арқылы балықты заңсыз аулау туралы деректер есептеледі.
Қаралып отырған өнімге "Тірі балық", "Балық сүбесi мен балықтың өзге де етiн қоспағанда, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық", "Балық сүбесi мен өзге де балық етiн қоспағанда, мұздатылған балық", "Балықтың сүбесi және жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балықтың өзге де етi (тураманы қоса алғанда)", "Кептiрiлген, тұздалған немесе тұздық судағы балық; ыстықтай немесе суықтай ысталған балық; тамаққа пайдалануға жарамды ұсақ немесе ipi тартылған балық ұны және түйiршiктерi" тауарлық позициялар жатады.
Өндірісті анықтау кезінде "Жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық" позициясы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндіру туралы деректер пайдаланылады.
Балықты заңсыз аулаудың көлемін есептеу кезінде балық өнімдерін заңды өндірудің көлемі анықталады:
(13)
мұндағы:
Lp – елдегі балық өнімінің заңды өндірісі (мың тонна);
Dp – ішкі өндіріс (мың тонна);
I – импорт (мың тонна);
E – экспорт (мың тонна);
C – балық аулау (мың тонна).
Елдегі балық өнімдерін жалпы тұтыну халықтың жан басына шаққанда балықты тұтыну туралы деректер негізінде анықталады.
(14)
мұндағы:
ILp – балықты заңсыз аулау (мың тонна);
CC – елде балықты жалпы тұтыну (мың тонна);
Lp – елдегі балық өнімінің заңды өндірісі (мың тонна).
Балықты заңсыз аулауды өңірлер бойынша бөлу кезінде үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесінде алынған балықты тұтыну құрылымы пайдаланылады.
Балықты заңсыз аулауды құндық мәнде бағалау кезінде балық құнының сараптамалық бағасы пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде "Балық аулау және аквадақыл" қызмет түрі бойынша аралық тұтынудың үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады.
20. Заңсыз алкоголь өнімдерін өндіру. Алкогольді өнімдердің заңсыз өндірісін бағалау өндіріс, экспорт, импорт және елде алкоголь өнімдерін тұтыну туралы деректер негізінде жүргізіледі. Бір жағынан тұтыну (пайдалану) және екінші жағынан ел ішіндегі өндіріс пен экспорт сальдосының (ресурстар) арақатынасы арқылы алкогольдік өнімнің заңсыз өндірісі туралы деректер есептеледі.
Алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісін бағалау кезінде келесі тауарлық ұстанымдар қарастырылады: "Виски", "Ром мен тафия", "Джин мен арша тұнбасы", "Өзге де спирттік ішімдіктер" тауарлық кодтары.
Алкоголь өнімдерінің нақты көлемі құрамында 40% спирті бар алкогольге ауыстырылады.
Алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісінің көлемін есептеу кезінде алкоголь өнімдерін заңды өндірудің көлемі анықталады:
(15)
мұндағы:
Lp – елдегі алкоголь өнімдерінің заңды өндірісі (мың литр);
Dp – ішкі өндіріс (мың литр);
I – импорт (мың литр);
E – экспорт (мың литр).
(16)
мұндағы:
ILp – заңсыз өндіріс (мың литр);
CC – жалпы тұтыну (мың литр);
Lp – заңды өндіріс (мың литр).
Өңірлер бойынша алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісін бөлу кезінде үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесінде алынған алкогольге үй шаруашылықтарының шығыстар құрылымы пайдаланылады.
Құндық мәнде алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісі өңірлер бөлінісінде нарықтық бағадан төмен арақ бағасында бағаланады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде "Сусындар өндірісі" қызметінің түрі бойынша аралық тұтынудың үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым және аралық тұтынудың арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады. Қызметтерге лицензиясы жоқ немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген өндірушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көрсеткіштерін есептеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.
21. Шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелерін өндіру. ҰШЖ-да авторлық құқықтармен қорғалған материалдарды бұдан әрі сату мақсатымен заңсыз көшіру көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып қойылған контрафактілік өнімнің құны шығарылым болып табылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде "Ақпарат және байланыс" саласы бойынша заңсыз өндірістен аралық тұтынудың үлесі қолданылады. ЖҚҚ және аралық тұтыну арасындағы айырмашылықпен анықталады.
22. Контрабанда. Алып қойылған тауарлардың сомасы бойынша деректер шығарылым ретінде пайдаланылады. Контрабандалық тауарлар саудасының аралық тұтынуы шығарылымнан үлес ретінде бағаланады, ал ЖҚҚ сәйкес шамасы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Контрабанданың аралық тұтынуын есептеу кезінде "Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу" саласынан аралық тұтынудың үлесі қолданылады. Алып қойылған жасанды тауарлар мен шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелерін және алып қойылған контрабанданың көрсеткіштерін есептеу осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесіне 1-қосымша |
Есірткі тауарларын өндіру және жезөкшелік қызметтерді есептеу
1) Героин
Героин | Есірткіге тәуелді адамдар саны | Мөлшері | Есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда есірткі құралдарын орташа тұтыну саны | Тұтыну | Көшедегі құнарлылық | Көтерме саудадағы құнарлылық | Көтерме сауда бағасы | Бөлшек сауда бағасы |
адам | грамм | грамм | грамм | % | % | теңге | теңге | |
1 | 2 | 3=365 күн×2 | 4=1×3 | 5 | 6 | 7 | 8 |
жалғасы
Героин | Импорт көлемі | Импорт | Сауда үстеме бағасы | Түпкілікті тұтыну | Аралық тұтынуға кеткен шығыстар | ЖҚҚ |
грамм | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | |
9=4×(5/6) | 10=9×7/1000000 | 11=4×8-7×9/ 1000000 | 12=4×8/1000000 | 13=11×0,1 | 14=11-13 |
2) Каннабиноидтер (гашиш, марихуана)
Каннабиноидтер (гашиш, марихуана) | 7-55 жастағы халық | 7-55 жастағы халық санынан 1,4% | Каннабиноидтерді қарқынды қолданатын есірткіге тәуелді адамдардың саны | Каннабиноидтерді үнемі қолданатын есірткіге тәуелді адамдардың саны | Каннабиноидтерді қарқынды қолданатын есірткіге тәуелді адамдар үшін мөлшері | Каннабиноидтерді үнемі қолданатын есірткіге тәуелді адамдар үшін мөлшері | Есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда есірткіні орташа тұтыну саны (қарқынды) | Есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда есірткіні орташа тұтыну саны (үнемі) |
адам | адам | адам | адам | грамм | грамм |
грамм |
грамм | |
1 | 2 | 3 | 4=2-3 | 5 | 6 | 7=312 күн×5 | 8=52 күн×6 |
жалғасы
Тұтыну | Көтерме баға | Бөлшек баға | Ішкі өндіріс | Сауда үстеме бағасы | Түпкілікті тұтыну | Аралық тұтынуға кеткен шығыстар | ЖҚҚ |
грамм | теңге | теңге | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге |
9=3×7+4×8 | 10 | 11 | 12=9×10/1000000 | 13=9×(11-10)/ 1000000 | 14=9×11/1000000 | 15=13×0,1 | 16=12+13-15 |
3) Апиын
Апиын | Есірткіге тәуелді адамдар саны | Мөлшері | Есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда есірткіні орташа тұтыну саны | Тұтыну | Көтерме сауда бағасы | Бөлшек сауда бағасы |
адам | грамм | грамм | грамм | теңге | теңге | |
1 | 2 | 3=365 күн×2 | 4=1×3 | 5 | 6 |
жалғасы
Апиын | Импорт | Сауда үстеме бағасы | Түпкілікті тұтыну | АТ кеткен шығыстар | ЖҚҚ |
миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | |
7=4×5/1000000 | 8=4×(6-5)/1000000 | 9=4×6/1000000 | 10=9×0,1 | 11=8-10 |
3) Жезөкшелік
Жезөкшелік | Жезөкшелікпен айналысатын адамдар | Қызмет үшін орташа баға | Бір жылда жолығулар саны (сараптамалық) | Шығарылым | Аралық тұтыну | ЖҚҚ |
адам | теңге | саны | миллион теңге | миллион теңге | миллион теңге | |
1 | 2 | 3= 300 күн×3 | 4=1×2×3/1000000 | 5=4×30% | 6=4-5 |
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесіне 2-қосымша |
Қызметтерге лицензиясы жоқ немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген өндірушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көрсеткіштерін есептеу Браконьерлік
1) Ағашты заңсыз кесу
Ағашты заңсыз кесу | Алып қойылған ағаш көлемі | 1 м3 ағаш үшін орташа баға | Алып қойылған ағаштың құны | Аралық тұтыну үлесі | Аралық тұтыну | ЖҚҚ |
м3 | теңге | теңге | % | теңге | миллион теңге | |
1 | 2 | 3=1×2 | 4 | 5=3×4% | 6=(5-3)/1000000 |
2) Заңсыз аң аулау
Заңсыз аң аулау | Алып қойылған сайғақ мүйізінің саны | 1 дана үшін орташа баға | Алып қойылған сайғақ мүйізінің құны | Аралық тұтыну үлесі | Аралық тұтыну | ЖҚҚ |
дана | теңге | теңге | % | теңге | миллион теңге | |
1 | 2 | 3=1×2 | 4 | 5=3×4% | 6=(5-3)/1000000 |
3) Балықты заңсыз аулау
Балықты заңсыз аулау | Балық өндірісі | Балық экспорты | Балық импорты | Балық аулау | Балықтың заңды өндірісі | Елдегі балықты тұтыну | Балықты заңсыз аулау |
мың тонна | мың тонна | мың тонна | мың тонна | мың тонна | мың тонна | мың тонна | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5=1-2+3+4 | 6 | 7=6-5 |
жалғасы
Балықты заңсыз аулау | 1 кг балықтың орташа бағасы | Өңірлер бойынша балықты тұтыну құрылымы | Заңсыз өндіріс | Заңсыз өндіріс | Аралық тұтыну үлесі (заңды өндірістен %) | Аралық тұтыну | ЖҚҚ |
теңге | % | мың тонна | миллион теңге | % | миллион теңге | миллион теңге | |
8 | 9 | 10=7×9% | 11=10×8×1000/1000000 | 12 | 13=11×12% | 14=11-13 |
Заңсыз алкоголь өнімдерінің өндірісі
Заңсыз алкоголь өнімдерінің өндірісі | 40%-дық алкоголь өндірісі | 40%-дық алкоголь экспорты | 40%-дық алкоголь импорты | 40%-дық алкогольдің заңды өндірісі | Халықтың жан басына шаққанда 40%-дық алкогольді тұтыну | 15 және одан үлкен жастағы халық саны | Алкогольді тұтыну | Заңсыз өндіріс |
мың литр | мың литр | мың литр | мың литр | литр | адам | мың литр | мың литр | |
1 | 2 | 3 | 4=1-2+3 | 5 | 6 | 7=5×6/1000 | 8=7-4 |
жалғасы
Заңсыз алкоголь өнімдерінің өндірісі | Арақтың 1л үшін орташа баға | Арақтың 1л үшін орташа баға (сараптамалық баға) | Республика бойынша жалпы шығыстардан өңірлер бойынша үй шаруашылықтарының алкогольге кеткен шығыстарының құрылымы | Заңсыз өндіріс | Заңсыз өндіріс | Аралық тұтыну үлесі (заңды өндірістен %) | Аралық тұтыну | ЖҚҚ |
теңге | теңге | % | мың литр | миллион теңге | % | миллион теңге | миллион теңге | |
9 | 10=9×0,9 | 11 | 12=11×8% | 13=10×12×1000/1000000 | 14 | 15=14×13% | 16=13-15 |
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесіне 3-қосымша |
Алып қойылған жасанды тауарлар мен шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелерін және алып қойылған контрабанданың көрсеткіштерін есептеу
Алып қойылған жасанды тауарлар мен шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелері | Алып қойылған контрафактілік өнімнің құны | Аралық тұтыну үлесі | Аралық тұтыну | ЖҚҚ |
миллион теңге | % | миллион теңге | миллион теңге | |
1 | 2 | 3=1×2% | 4=1-3 |
Контрабанда
Алып қойылған контрабанда | Алып қойылған тауардың құны | Аралық тұтыну үлесі | Аралық тұтыну | ЖҚҚ |
миллион теңге | % | миллион теңге | миллион теңге | |
1 | 2 | 3=1×2% | 4=1-3 |