Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінің тізбесінде № 16588 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі "арнайы экономикалық аймағы":
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
4) өзге тоқыма бұйымдарын өндіру;
5) пластмасса бұйымдарын өндіру.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау осы саланы қадағалаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрі