"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 628 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25596 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінің тізбесінде № 16588 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

      2-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі "арнайы экономикалық аймағы":

      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      4) өзге тоқыма бұйымдарын өндіру;

      5) пластмасса бұйымдарын өндіру.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау осы саланы қадағалаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады