БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өтініш беруші – Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға;";
4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы шот ашқаннан кейін өтініш беруші "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 351-1-бабында айқындалған арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді сомасын, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электрондық өтініштерді толтырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Біржолғы зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдалануға жол беріледі:
1) тұрғын үйді немесе жер учаскесін (нысаналы мақсаты - жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) сатып алу-сату, айырбастау (айырбастау) шарттары бойынша меншікке сатып алуға байланысты азаматтық – құқықтық мәмілелер бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы акт жасалған кезде түпкілікті есеп айырысу (ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей);
2) бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді және (немесе) жөндеу жүргізе отырып тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді және (немесе) жөндеу жүргізе отырып тұрғын үйді сатып алуға арналған тұрғын үй қарыздарын ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру;
3) тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізу үшін) немесе жеке тұрғын үй салуға (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) ипотекалық тұрғын үй қарызын алу (қайта қаржыландыру) мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру (оның ішінде одан әрі жинақтау үшін).
Бұл ретте, сыйақы мөлшерлемесін және мемлекет сыйлықақысын есептеу және (немесе) қайтару тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
4) тұрғын үйді сатып алуға (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізуге) немесе жеке тұрғын үй салуға (нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болатын жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
5) ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
6) тұрғын үй құрылысы бағдарламалары немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша төлеу, жекешелендіру, төлемді бөліп-бөліп сатып алу-сату;
7) жеке тұрғын үй құрылысы (меншігінде нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болатын жер учаскесі болған кезде).";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан (зайыбынан) және алушының жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан жылжымайтын мүлікті сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.
Бұл ретте ипотекалық тұрғын үй қарызының міндеттемелері бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға сатып алынған (сатып алынатын) тұрғын үй мүлкі өтініш берушінің, оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының меншігі болып табылған жағдайда жол беріледі.
Заңды күшіне енген сот шешімдерінің болу жағдайларын қоспағанда, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарды басқаға беру, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша салымшы қайтыс болған немесе еңбекке қабілеттілігінен толық айырылған, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шартты бұзған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты бұзған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құқықты басқаға берген жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дағы шотқа қайтарылуға жатады.
Үшінші тұлғаға біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып толықтыру жүргізілген тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша салымшының құқықтарын кепілге беруге жол берілмейді.
Біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы өтініш берушінің (алушының) арнайы шотынан БЖЗҚ-ға қате аударылған жағдайда, уәкілетті оператор 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің (алушының) жеке зейнетақы шотынан қате қайтарылған қаражатты есептен шығаруға келісімін қоса бере отырып, БЖЗҚ-ға электрондық пошта бойынша хабарлама жібереді.
БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару туралы хабарламада көрсетілген, бірақ өтініш берушінің (алушының) жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын соманы кейін өтініш берушінің (алушының) уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына есепке жатқызу үшін аударады.
Осы тармақ талаптарының орындалуын бақылау мақсатында алушы (өтініш беруші) жеке кабинетте электрондық өтініш берілген күні осы талаптардың орындалуы туралы өтінішке, сондай-ақ алушының немесе жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығының тіркелгенін растайтын, ЭЦҚ-мен немесе уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге де электрондық тәсілмен куәландырылған құжаттарға қол қояды.";
13-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алушы қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін Отбасы банкіне тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй салу мақсатында (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы) одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыруды қоспағанда, осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде береді. Бұл жағдайда алушы біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде Отбасы банкіне береді.";
14-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары өтініш берушінің (алушының) арнайы шоттарына есептелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың нысаналы мақсаты бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Уәкілетті операторлар БЖЗҚ ай сайынғы негізде біржолғы зейнетақы төлемдеріне қабылданған және мақұлданған өтініштер туралы мәліметтерді, сондай-ақ БЖЗҚ мен уәкілетті оператор арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.
БЖЗҚ ай сайынғы негізде басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға біржолғы зейнетақы төлемдеріне қабылданған және мақұлданған өтініштер және біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуы туралы жиынтық мәліметтерді ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі