Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерi бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 106 Бұйрықпен бекітілді |
Жергілікті атқарушы органдардың 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге |
р/р № | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | |||||
ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ||
1 | Ақмола облысы | 48 309 001 | 47 975 437 | 49 376 377 | 49 042 813 | 51 719 610 | 51 386 046 |
2 | Ақтөбе облысы | 49 270 872 | 42 070 028 | 51 418 179 | 44 217 335 | 55 353 090 | 48 152 246 |
3 | Алматы облысы | 92 481 017 | 44 902 091 | 95 444 577 | 47 865 651 | 103 583 000 | 56 004 074 |
4 | Атырау облысы | 79 760 945 | 44 811 038 | 83 223 858 | 48 273 951 | 94 656 804 | 59 706 897 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 71 955 679 | 60 313 133 | 73 773 304 | 62 130 758 | 77 904 174 | 66 261 628 |
6 | Жамбыл облысы | 53 325 898 | 46 481 232 | 54 344 854 | 47 500 188 | 56 406 943 | 49 562 277 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 35 415 592 | 34 454 275 | 36 369 287 | 35 407 970 | 39 250 049 | 38 288 732 |
8 | Қарағанды облысы | 68 365 720 | 68 365 720 | 70 739 261 | 70 739 261 | 76 880 945 | 76 880 945 |
9 | Қостанай облысы | 46 438 711 | 40 554 791 | 47 254 883 | 41 370 963 | 50 053 729 | 44 169 809 |
10 | Қызылорда облысы | 45 485 296 | 38 157 671 | 47 334 372 | 40 006 747 | 48 710 076 | 41 382 451 |
11 | Маңғыстау облысы | 36 532 543 | 34 282 833 | 39 071 175 | 36 821 465 | 44 324 891 | 42 075 181 |
12 | Павлодар облысы | 42 029 239 | 26 176 316 | 42 888 702 | 27 035 779 | 47 329 499 | 31 476 576 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 37 796 112 | 31 600 966 | 38 217 450 | 32 022 304 | 39 552 991 | 33 357 845 |
14 | Түркістан облысы | 231 229 734 | 86 577 698 | 237 924 892 | 93 272 856 | 242 863 098 | 98 211 062 |
15 | Шымкент қаласы | 131 206 036 | 97 547 623 | 139 066 902 | 105 408 489 | 148 403 063 | 114 744 650 |
16 | Алматы қаласы | 320 218 728 | 272 527 487 | 343 701 742 | 296 010 501 | 390 719 865 | 343 028 624 |
17 | Нұр-Сұлтан қаласы | 211 327 474 | 129 711 884 | 227 306 128 | 145 690 538 | 258 203 340 | 176 587 750 |
Жиыны: | 1 601 148 597 | 1 146 510 223 | 1 677 455 942 | 1 222 817 568 | 1 825 915 166 | 1 371 276 792 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер