"Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25901 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17718 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министірінің
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 749 бұйрығымен
бекітілген

Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі

1-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері

      1. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету:

      1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;

      2) ұшу алаңын күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) ұшуды жарықпен техникалық қамтамасыз ету;

      4) әуежай ауданында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;

      5) аэронавигациялық ақпараттың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша аэронавигациялық жағдайдың жедел өзгерістерін ұсыну;

      6) әуежай ауданында ұшуды авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;

      7) әуе кемесі қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағат және сертификатталған жүк пен жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін алты сағат ішінде әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болған кезде әуеайлақта тұрақ орнын беру;

      8) сертификатталған жүк және жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін олар қонғаннан кейін өңдеуге жататын жүк (пошта) болған кезде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;

      9) ұшу қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету;

      10) Әуеайлақ аймағында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда, қону сәтінен бастап тоқтау сәтіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген қызметтер.

      2. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

      1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін жете тексеру;

      2) әуежайдың өткізу және ішкіобъектілік режимдерін қамтамасыз ету (бақылау-өткізу мен жете тексеру пунктерін (оның ішінде жалпы қолжетімді аймақтарды қоса алғанда), олардың техникалық құралдарын, бейне бақылау жүйесін, күзеттік жарықтандыруды, қоршауды, патрульдік жолдар мен көлік құралдарын, жете тексеруге арналған жабдықтарды, іске қосылған коммуникациялар, әуежайда өткізу мен ішкіобъектілік режимдерін қамтамасыз ететін персоналды);

      3) әуе кемесін, жүктерді, пошта мен борт қорларын ұшу алдында жете тексеру;

      4) әуежай күшін және құралдарын заңсыз араласу актілерінің жолын кесу жөніндегі бойынша іс-қимылдарға дайындықта ұстау;

      5) әуе кемесіне адам кіріп кету мүмкіндігін болғызбайтындай үшін тұрақтардағы әуе кемелерін күзету;

      6) әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, радиоактивті, уландырғыш, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды заңсыз алып жүру мүмкіндігін болғызбау;

      7) қару-жарақ пен оқ-дәрілерді әуе кемесінің жолаушылардан оқшауланған бөлігінде оғы алып тасталынған күйде олардың багажбен тасымалдануын қамтамасыз ететін тасымалдау кезінде айрықша сақтық шараларын енгізу;

      8) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерін күзету;

      9) әуежай аймағында пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын үйлестіру.

      3. Әуе кемесі қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағат және сертификатталған жүк пен жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін алты сағаттан тыс әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болған кезде әуеайлақта тұрақ орнын беру:

      1) тұрақ орнын дайындау;

      2) әуе кемесі қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағат және сертификатталған жүк пен жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін алты сағаттан тыс әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болған кезде әуеайлақта тұрақ орнын беру.

      4. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру:

      1) тұрақ орнын дайындау;

      2) әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру.

2-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері

1-бөлім. Жердегі әкімшілік және бақылау

      5. Тасымалдаушы әуе кемелерінің қозғалысы туралы мүдделі ұйымдарды хабардар ету.

      6. Үшінші тұлғалардың тасымалдаушыға көрсететін қызметтерін бақылау.

      7. Деректерді, ақпаратты, тасымалдаушының талаптарын үшінші тұлғаларға жедел беру.

      8. Тасымалдаушы өкілінің қызметтері.

      9. Мыналарды қоса алғанда, айырбастау қорының қаптау құралдарын өңдеу:

      1) қаптау құралдарын сақтау және өңдеу, есепке алу, бақылау, тұтастығын тексеру, халықаралық стандарттар мен әуе компаниялары белгілеген талаптарға сәйкес акті жасау.

2-бөлім. Жолаушыларға қызмет көрсету

      10. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) беру:

      1) жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орындарын дайындау;

      2) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар және байланыс құралдары бар орын беру;

      3) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін терминалдағы жалпы қолданыс орнының бөлігін беру.

      11. Жолаушыларды тіркеу:

      1) жолаушыларды рейске тіркеу;

      2) багажды өлшеу мен ресімдеу;

      3) нормативтен тыс багажды ресімдеу;

      4) бос орынның бар болуын анықтау;

      5) тіркеу қорытындысын жүргізу;

      6) жолаушыларды тіркеу ведомостерін және багаж ведомостерін жасау;

      7) рейс бойынша бақылау талондарының топтамасын және біржолғы жинақ квитанциясын экипажға беру;

      8) тиеуді бақылау мақсатында жолаушылар саны және оларды әуе кемесінде орналастыру бойынша ақпарат беру;

      9) әуе кемесіне отырғызғаннан кейін жолаушылардың санын тексеру.

      12. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларға қызмет көрсету:

      1) жолаушыларды күтіп алу және әуе кемесіне дейін бірге ілесіп жүру;

      2) отырғызу алдында жолаушылардың тасымалдау құжаттарын тексеру;

      3) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;

      4) жолаушыларға багаж арбаларын беру;

      5) арнайы жолаушылар санаттары үшін арнайы құралдарды беру және қызмет көрсету (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, депортацияланатын жолаушылар, бірге ілесіп жүрушілері жоқ балалар және басқалар).

      13. Мыналарды қоса алғанда, телескоптық трап арқылы жолаушыларды отырғызу-түсіру:

      1) трапты беру;

      2) трапты орнату;

      3) трапты алу.

      14. Мыналарды қоса алғанда, жылжымалы трап арқылы жолаушыларды отырғызу-түсіру:

      1) трапты беру;

      2) трапты орнату;

      3) трапты алу.

3-бөлім. Багажды өңдеу

      15. Мыналарды қоса алғанда, багажды өңдеу:

      1) багажды сұрыптау;

      2) пакеттеу құралдарына және багаждық арбаларға жүкті жиынтықтау;

      3) багаждың орын саны мен салмағын айқындау;

      4) багаждың орындарының саны, салмағы бойынша ақпарат беру;

      5) багажды бөліп іріктеу;

      6) басымдығын ескере отырып, багажды беруге сұрыптау;

      7) багажды беру;

      8) трансферттік багажды сұрыптау және сақтау.

      16. Мыналарды қоса алғанда, багажды тасымалдау:

      1) багажды жолаушылар терминалының багаж бөлімшесінен әуе кемесіне дейін және кері қарай жеткізу;

      2) әуе кемелері арасындағы багажды тасымалдау.

4-бөлім. Жүктерді және поштаны өңдеу

      17. Мыналарды қоса алғанда, келіп түскен және жөнелтілетін жүкті (поштаны) өңдеу:

      1) әуежайдың қолданыстағы нұсқаулығына сәйкес жіберілген жүк партиясының келгені туралы жүк алушыны немесе агентті хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;

      2) өлшеу және таңбалау;

      3) жүк алушылар бойынша сұрыптауды қоса алғанда, қоймада сұрыптау, құжаттамалар ресімдеу;

      4) контейнерлерге және табандықтарға бөлшектеп қоюды қоса алғанда, рейстер бойынша іріктеу, бөліп іріктеу;

      5) жүкті жиырма төрт сағаттан аспайтын қысқа мерзімге сақтау;

      6) ұшаққа және кері тасымалдау үшін тиеу-түсіру құралдарына тиеу және түсіру;

      7) әуе кемесінде жүктерді тиеу мен түсіру процесін бақылау;

      8) жүк құжаттарын жасау, қол қою, жеткізу, келісу, тіркеу;

      9) топтамалау құралдарын өңдеу;

      10) жүктерді өңдеу үшін қоймалар мен жабдықтар беру;

      11) жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;

      12) одан әрі тасымалдау үшін жүктерді (трансферттік, транзиттік) қабылдау және дайындау;

      13) пошталық құжаттар бойынша келген пошталарды тексеру;

      14) трансферттік поштаны ілеспе пошталық құжат бойынша өңдеу;

      15) кіріс және шығыс пошталық құжаттамаларды беру;

      16) кедендік құжаттарды дайындау, сүйемелдеу және жүк қабылдап алушыларды ескерту (халықаралық тасымалдар үшін);

      17) санитарлық құжаттарды дайындау және сүйемелдеу (халықаралық тасымалдар үшін);

      18) құжаттарды әуежайдың ішкі қағидаларына және халықаралық ұйымдардың регламенттеріне сәйкес немесе тасымалдаушының өз талаптары бойынша дайындау, ресімдеу;

      19) мемлекеттік органдардың талабы бойынша физикалық жете тексеру қарау үшін жүктерді беру;

      20) мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алғаннан кейін жүк алушыға немесе агентке жүкті беру.

5-бөлім. Перронда қызмет көрсету

      18. Багажды тиеу және түсіру:

      1) әуе кемесінің жүк бөліктеріне қапталған және қапталмаған багажды тиеу;

      2) әуе кемесінің жүк бөліктерінен қапталған және қапталмаған багажды түсіру;

      3) әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кемесінің едендік тетігін қолдана отырып) багажды (багаж тиеген қаптау құралдарын) орналастыру;

      4) әуе кемесінің жүк бөлігінде багажды (багаж тиеген қаптау құралдарын) бекіту;

      5) багаж орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау.

      19. Мыналарды қоса алғанда, жүкті (поштаны) тасымалдау:

      1) жүкті (поштаны) жүк терминалынан әуе кемеге дейін және кері қарай жеткізу;

      2) жүкті (поштаны) әуе кемелері арасында тасымалдау.

      20. Жүкті (поштаны) тиеу және түсіру:

      1) әуе кемесінің жүк бөліктеріне қапталған және қапталмаған жүкті (поштаны) тиеу;

      2) әуе кемесінің жүк бөліктерінен қапталған және қапталмаған жүкті (поштаны) түсіру;

      3) әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кемесінің едендік тетігін басқаруды қолдана отырып) жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген қаптау құралдарын) орналастыру;

      4) әуе кемесінің жүк бөлігінде жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген қаптау құралдарын) бекіту;

      5) жүк (пошта) орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау;

      6) жүктің (поштаның) құжаттарын әуе кемесіне және кері қарай жеткізу.

      21. Мыналарды қоса алғанда тиеуді бақылау:

      1) әуе кемесіне тиеуді жоспарлау;

      2) тиеу схемасын шығару;

      3) әуе кемесінің салмақтық және орталықтанған сипаттамаларын есептеу;

      4) орталықтандырылған кесте құру;

      5) перронда әуе кемесінің тиелуін бақылау, әуе кемесінде нақты тиеудің жоспарланған тиеуге сәйкестігін тексеру, багаждың, жүктің (поштаның) (қаптау құралдарының) тұтастығын тексеру, багаждың, жүк (поштаның), қаптау құралдарының бекітілуін тексеру;

      6) тиеу жинақтық ведомстерін мен басқа да құжаттаманы технологияға сәйкес дайындау және тексеру;

      7) рейстік құжаттаманы жинақтау және беру;

      8) авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес жеделхаттарды жөнелту (қажетті жағдайда).

      22. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін күтіп алуды және жөнелтуді қамтамасыз ету:

      1) әуе кемесі келгенге дейін тұрақ орындарын және рульдеу жолдарын қарап тексеру;

      2) әуе кемесін тұрақ орнына қабылдау және шығару (көзбен шолу сигналдарын беру немесе әуе кемесін тұрғызуға автоматтық жүйесін қамтамасыз ету);

      3) шасси доңғалақтың астына тұрақ қалыптарын орнату және жинау;

      4) сигналдық конустарды орнату және жинау;

      5) шасси фиксаторын, қозғалтқыш қақпағын, түрлі датчиктердің тыстарын орнату және алып тастау;

      6) әуе кемесін жерге тұйықтау;

      7) ұшақтың сөйлесу құралы немесе перрон мен экипаж кабинасы арасындағы радио байланыс арқылы экипажбен байланыс орнату;

      8) әуе кемесін қосылған жабдықтардың зақымдану тұрғысына көзбен қарап тексеру;

      9) қозғалтқыштың іске қосылуын бақылау;

      10) әуе кемесінің тұрақ орнынан жүруін бақылау.

      23. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйрету:

      1) әуе кемесіне және тартқышқа сүйрегішті жалғау және ажырату;

      2) сүйретуді басқару.

      24. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін кондиционерлеу:

      1) келуді және кетуді басқару;

      2) әуе кемесіне технологиялық жеңдерді қосу;

      3) қажетті температураға дейін әуе кемесі салонын ауасын баптау;

      4) әуе кемесінен технологиялық жеңдерді ажырату және алу;

      5) жылжымалы қондырғыны қою және алу.

      25. Мыналарды қоса алғанда, авиақозғалтқышты ауамен іске қосу:

      1) ауамен іске қосу қондырғысын қою және алу;

      2) ауамен іске қосу қондырғысының келуін және кетуін басқару;

      3) әуе кемесіне технологиялық жеңдерді жалғау;

      4) ауамен іске қосу қондырғысын қосу және тиісті параметрлерді бақылау;

      5) технологиялық жеңдерді ажырату және авиақозғалтқышты іске қосу панелін жабу.

      26. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ауыз сумен толтыру:

      1) арнайы машинаны қою және алу;

      2) ауыз суды дайындау, тазалау мен фильтрлеу;

      3) судың санитариялық нормаларға сәйкестігінің құжаттарын беру;

      4) технологиялық шлангілерді әуе кемесінің жүйесіне жалғау;

      5) әуе кемесінің су бактарын төгу, жуып тазалау және толтыру;

      6) технологиялық шлангіні ажырату, крандарды, қақпаларды мен жапқыштарды жабу.

      27. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне электр энергиясын беруді қамтамасыз ету:

      1) әуе кемесіне технологиялық кабельдерді қосу;

      2) электр энергиясын беру және арнайы техниканың немесе стационарлық кернеу көзінің берген параметрлерін бақылау;

      3) электр энергиясының тұтынған көлемін анықтау;

      4) кабельдерді ажырату және алып кету;

      5) жылжымалы электрмен қоректендіру көзін қою және алу.

      28. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйемелдеу:

      1) әуеайлақта әуе кемесіне көшбасшылықты қамтамасыз ету.

6-бөлім. Әуе кемелеріне қызмет көрсету

      29. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ішкі тазалау және қоқысты кәдеге жарату:

      1) ілеспе жабдықтар мен жолаушылар орындықтарын тәртіпке келтіру және тазарту;

      2) күл сауыттарды тазарту;

      3) орындықтың арқа қалталарынан және жоғарыдағы багаж орындарынан қоқыстарды жинау;

      4) үстелдерді жуу;

      5) еденді тазалау (кілемдерді және айналаларындағы үстін);

      6) борттық буфеттердегі, асхана мен әжетханадағы жабдықтардың үстін және жабдықтарды ылғалдап тазалау;

      7) әуе ауруынан, азық-түліктердің шашылуынан, азық-түліктердің төгілуінен және дақтардан болған түрлі ластануларды жою;

      8) әуе кемесіндегі қоқысты жинау.

      30. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің санитариялық тораптарына (әжетханаларына) қызмет көрсету:

      1) арнайы машинаның технологиялық шлангілерін әуе кемесінің жүйесіне жалғау;

      2) әуе кемесінің берілген типі бойынша технологиялық нұсқауға сәйкес немесе пайдаланушының нұсқауы бойынша әуе кемесінің қабылдау багын төгу және жуып тазалау;

      3) әуе кемесінің қабылдау бактарын химиялық реагенттер қосып техникалық сумен толтыру;

      4) технологиялық шлангілерді ажырату, технологиялық қақпақтарды, жапқыштарды жабу.

      31. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен қарды қолмен тазалау:

      1) әуе кемесі үстіндегі қарды алып тастау.

      32. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен қар мен мұзды механикалық тазалау:

      1) арнайы техниканы пайдаланып әуе кемесі үстіндегі қарды және мұзды алып тастау;

      2) әуе кемесінің үстін арнайы сұйықтықпен өңдеу;

      3) әуе кемесінің айналасында арнайы техниканың қозғалысын басқару және жүргізушімен байланысты қамтамасыз ету.

7-бөлім. Жанар -жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды сақтау, құю

      33. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету:

      1) авиациялық жанар-жағармай материалдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      2) авиациялық жанар-жағармай материалының сапасын бақылау және талдау;

      3) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау, құю және жіберу;

      4) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін персонал (оператор) және техникалық жылжымалы және/немесе стационарлық құралдар беру;

      5) әуе кемесі бактарына авиациялық жанар-жағар май материалдарын құю;

      6) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалдарын құюға шығыс ордерін ресімдеу.

      34. Мыналарды қоса алғанда, авиақозғалтқышқа май құю:

      1) авиақозғалтқышты толтыру үшін май дайындау;

      2) майдың сапасы мен техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар беру;

      3) толтыру үшін қозғалтқыш пен май құю багын дайындау;

      4) әуе кемесінің багындағы майдың мөлшерін тексеру;

      5) сертификатталған маман немесе экипаждың бақылауымен май багын қажетті мөлшерде маймен толтыру;

      6) май багының қақпақшаларын, қақпақтарды жабу;

      7) арнайы машинаны әуе кемесінен алу;

      8) құжаттамаларды ресімдеу.

      35. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу:

      1) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу үшін техникалық жылжымалы құралдардың келуін және кетуін басқару;

      2) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағар май материалын төгу үшін жылжымалы құралдарды жерге тұйықтау, әуе кемесі мен көлік құралы арасында теңестіру арқанын қосу;

      3) әуе кемесінде техникалық құю қақпақтарын ашу және жабу;

      4) әуе кемесінде құю жеңдерін қосу және ажырату;

      5) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағар май материалдарын төгу;

      6) есепке алу аспаптары бойынша төгілген авиациялық жанар-жағармай материал санын бақылау, массасын есептеу үшін авиациялық жанар-жағармай материалының тығыздығын өлшеу;

      7) әуе кемесінен төгілген авиациялық жанар-жағармай материалына кіріс ордерін ресімдеу.

      36. Жанар-жағармай материалдарын және арнайы сұйықтарды сақтау бойынша қызметтер:

      1) жанар-жағармай материалдарын қабылдау;

      2) жанар-жағармай материалының сапасын талдау;

      3) жанар-жағармай материалын сақтау;

      4) жанар-жағармай материалын жіберу.

8-бөлім. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету

      37. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне транзиттік нысан (A-check) бойынша техникалық қызмет көрсету – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету және әуе кемесінің типі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес әуе кемесін ұшуға дайындау, сондай-ақ қажетті құжаттаманы ресімдеу:

      1) әуе кемесіне ағымдағы жедел қызмет көрсету;

      2) әуе кемесінің әрбір типі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентін, технологиялық нұсқаулар, жедел техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты, анықтамаларды, каталогтар мен басқа қажетті құжаттарды беру;

      3) әуе кемесін, оның ішінде жолаушылар салонын, асхананы, әжетхана бөлмелерін жедел сыртқы қарап-тексеруді жүзеге асыру;

      4) әуе кемесін жедел қарап тексеруді жүргізу туралы мәліметтерді борттық журналға енгізу;

      5) борттық журналға әуе кемесін қарап-тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы ескертулерді енгізу;

      6) ұшу алдында әуе кемесінің үстінде мұздың жоқтығын тексеру;

      7) әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы құжаттамаларды ресімдеу.

      38. Мыналарды қоса алғанда, жүйені оттегімен толтыру:

      1) оттегінің cапасы мен техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар беру;

      2) жүйенің герметикалығын тексеру;

      3) оттегі баллондарында қысымды тексеру;

      4) сертификатталған маманның немесе экипаждың бақылауымен осы типті әуе кемесі технологиялық көрсеткішіне сәйкес әуе кемесінің оттегі баллондарын толтыру;

      5) әуе кемесінен арнайы қондырғыны ажырату және алу;

      6) құжаттамаларды ресімдеу.

      39. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру:

      1) баллондарда қысымның болуын тексеру;

      2) әуе кемесіне технологиялық шлангіні жалғау;

      3) жүйені қажетті мөлшерге дейін толтыру;

      4) әуе кемесінен технологиялық шлангіні ажырату және арнайы қондырғыны алу;

      5) құжаттамаларды ресімдеу.

      40. Мыналарды қоса алғанда, гидрожүйені тексеру және толтыру:

      1) әуе кемесінің гидрожүйесін толтыру үшін гидросұйықтық дайындау;

      2) гидросұйықтықтың сапасын және техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат беру;

      3) гидрожүйесіне қосымша құю үшін технологиялық шлангілерді жалғау;

      4) технологиялық шлангілерді ажырату және әуе кемесінен арнайы құрылғыны алу;

      5) құжаттамаларды ресімдеу.

      41. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне техникалық желілік қызмет көрсету:

      1) техникалық көмек;

      2) техникалық қолдау;

      3) желілік қызмет көрсету.

      42. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне ангарда тұру орны:

      1) ангарда орын беру;

      2) әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) жердегі қажетті технологиялық жабдықты беру (сұрау салу бойынша).

      43. Мыналарды қоса алғанда, жүк терминалында жүкті жиырма төрт сағаттан аса сақтау:

      1) қоймада жүкті орналастыру және ресімдеу;

      2) жүкті сақтау;

      3) жүкті беру.

9-бөлім. Жердегі қызмет көрсету

      44. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларды жеткізу:

      1) көлік құралын беру;

      2) жолаушыларды әуе кемесіне дейін және кері жеткізу;

      3) көлік құралын алу.

      45. Мыналарды қоса алғанда, экипажды жеткізу:

      1) көлік құралдарын (автобус, шағын автобус);

      2) әуе кемесіне және кері қарай экипажды жеткізу;

      3) көлік құралдарды алу.

10-бөлім. Борттық тамақтандыру қызметтері

      46. Мыналарды қоса алғанда, жолаушылар мен әуе кемесі экипаждарын борттық тамақпен қамтамасыз ету:

      1) көлік құралының келуін және кетуін басқару;

      2) әуе кемесінің бортынан алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды қабылдау және түсіру;

      3) көлік құралдарына тиеу, борттық тамақ кешеніне (цехқа) жеткізу және алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды түсіру;

      4) борттық тамақ кешенінде (цехте) борт тамағын көлік құралдарына тиеу;

      5) әуе кемесіне борт тамағын өткізу және тиеу.

      47. Мыналарды қоса алғанда, алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды санитариялық өңдеу:

      1) санитариялық өңдеу үшін техникалық құралдар беру.

11-бөлім. Қосымша қызметтер

      48. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қосымша қызметтер:

      1) қызметкерлер мен өту рұқсаты шектеулі аймаққа өтетін ұйымдардың көлік құралдарын жете тексеру және рұқсатнамалармен қамтамасыз ету;;

      2) бақылау жүргізілетін аймақта адамдармен бірге ілесіп жүру (сұрау салу бойынша).

      49. Халықаралық рейстер бойынша ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ұсыну.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады