Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25912 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 387 бұйрығымен
бекітілген

Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-14) тармақшасына сәйкес әзірленді және әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) туристерді орналастыру орындары – мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

      2) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      3) туристік операторлық қызмет (бұдан әрі – туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;

      4) туристік өнім – саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;

      5) туристік ресурстар – туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;

      6) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау

      3. Субсидияны алу үшін келу туризмі саласындағы туроператор ағымдағы жыл ішінде уәкілетті органға өтінім берілген кезге дейін ағымдағы қаржы жылында өткізілген туристік өнімнің көрсетілген қызметтері үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындары бойынша субсидия алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді.

      Өтінімге келесі көрсетілетін құжаттар қоса беріледі:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператордың өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхатты қосымша ұсынады;

      2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) жөнелтуші тарап туроператорының мөрімен расталған шетелдік туристер тізімін қоса бере отырып, резидент емес туроператормен туристік қызмет көрсетуге арналған әріптестік шарттың (бұдан әрі – Шарт) көшірмесі;

      4) келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

      5) Шарт бойынша банктік құжат немесе туристік өнімге ақы төлеу туралы фискалдық чек;

      6) шетелдік турист тұратын туристерді орналастыру орнының мөрімен расталған руминг-парақ.

      4. Туроператордан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін уәкілетті орган өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ санынан тұрады, кемінде 7 (жеті) адамды құрайтын комиссия мүшелерінің арасынан төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.

      Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы уәкілетті органның қызметкерлері қатарынан тағайындалады.

      Комиссия құрамына сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес және ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссия отырыстарын өтінімдердің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттардың (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) уәкілетті орган тіркейді және олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде толықтығын қарайды.

      Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган оларды жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде келу туризмі саласындағы туроператорға қайтарады.

      Құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде, келу туризмі саласындағы туроператор құжаттар топтамасын қайта ұсынады.

      6. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, комиссия олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі өтпеген, олардың осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келген жағдайларда, шетелдік турист туристерді орналастыру орындарында кемінде төрт күн және үш түн тұрған, шетелдік туристі туристерді орналастыру орындарында "е-Hotel" ("е-Qonaq") ақпараттық жүйесі арқылы тіркеген жағдайда келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеу туралы;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеуден бас тарту туралы.

      6-1. Келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша келу туризмі саласындағы туроператордың ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган мемлекеттік келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы нәтиже немесе келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      8. Комиссияның келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеу туралы шешімінің негізінде уәкілетті орган қырық жұмыс күні ішінде келу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнім бойынша Қазақстан Республикасына келген әрбір шетелдік турист үшін 15 000 (он бес мың) теңге мөлшеріндегі субсидия сомасын өтінімде көрсетілген екінші деңгейдегі банкте ашылған оның есеп шотына аударуды жүзеге асырады.

      9 Субсидияны бақылау, мониторингілеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Әрбір шетелдік турист үшін
келу туризмі саласындағы
туроператорлардың шығындарын
субсидиялау қағидаларына
қосымша

      Нысан

  кімге: _____________________
(өтінімді қабылдайтын уәкілетті
органның атауы)
кімнен ______________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
(болған кезде)

Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындары бойынша субсидия алуға арналған өтінім

      Әрбір шетелдік турист үшін шығындарды өтеуге субсидия алуға арналған өтінімді қарауды сұраймын (бұдан әрі – субсидия).

      1. Туроператор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ______________________

      заңды тұлғаның нақты орналасқан жері _____________________________

      _______________________________________________________________

      телефон нөмірі __________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________

      жеке басты куәландыратын құжат:__________________________________

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      тұрғылықты мекенжайы __________________________________________

      телефон нөмірі __________________________________________________

      2. Туроператордың туроператорлық қызметі туралы мәліметтер:

      Лицензия № ____________________________кіші түрлері______________

      Лицензияны алған күні ___________________________________________

      3. Екінші деңгейдегі банктің атауы, онда ашылған есеп айырысу шоты_______________

      4. Шетелдік турист (ер) туралы жалпы мәліметтер:

№п\п

Шетелдік туристің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Шетелдік туристің Қазақстан Республикасында болу кезеңі

1.



2.



3.



      5. Тиесілі субсидияны алдын ала есептеу _________________________

      (____________________________________________________________) теңге.

      6. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) _______________________________

      2) _______________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      ______________________________________________

      (Жеке тұлғаның қолы немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мөр (болған кезде)

      Өтінім берілген күні "____" __________ 20____ жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады