"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 1335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26067 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      202-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      269-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кірістері бойынша түсімдер сомасын есептеу кезінде 902-шотқа (құжаттарда 2-28-нысан бойынша төлем тапсырмаларындағы көрсетілген деректемелер болмаған немесе дұрыс болмаған кезде) аумақтық қазынашылық органы соманы ақшаны жөнелтушіге не мемлекеттік мекеменің хаты негізінде деректемелерді нақтылаған кезде тиісті бюджеттің кірісіне есептейді.";

      378-4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазынашылық қолдау жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес сметалық құны екі миллиард теңгеден асатын құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларға қатысты қолданылады.";

      378-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-5. Аумақтық қазынашылықтың органдары төлемдерді жүргізген кезде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігермен инжинирингтік компанияның төлем сертификатына және ЭШФ, ал қазынашылық қолдау кезінде қосалқы мердігермен - ЭШФ-ға сәйкес бақылауды жүзеге асырады.";

      378-21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-21. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлемдері және (немесе) ақша аударымдары МСА шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлермен № 208 қаулымен белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      Төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін негіз:

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер үшін – инжинирингтік компанияның төлем сертификаты, ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін – ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлер үшін өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде инжинирингтік компанияның төлем сертификаты болып табылады.

      Қазынашылық қолдау кезінде бас мердігердің үстеме шығыстарды төлеуі Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес инжинирингтік компанияның төлем тапсырмасы және төлем сертификаты негізінде олардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарға жүзеге асырылады.

      Қазынашылық қолдау кезінде бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезінде қосалқы мердігерлер аумақтық қазынашылық органдарына осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса төлем тапсырмасын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде екінші деңгейдегі банктерде бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің шоттарына төлем өтеуге жататын жүргізілген шығындарды көрсете отырып, төлем сертификаты негізінде жүргізіледі.

      Бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің екінші деңгейдегі банктерге жүргізген ағымдағы шығындарын өтеуге тапсырыс беруші мен бас мердігердің арасында жасалған мемлекеттік сатып алу шартында аванс беру талаптары болмаған кезде ғана жол беріледі.

      Тауарларды (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) сатып алу үшін төлемдерді ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аударуды:

      бас мердігерлер төлем сертификаты мен ЭШФ негізінде;

      қосалқы мердігерлер ЭШФ негізінде жүзеге асырады.

      Бас мердігердің қосалқы мердігерлерге мемлекеттік сатып алу шоттарына және ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.

      Қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.";

      447-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "447. Қайырымдылық көмекті ағымдағы жылы мақсатқа сай пайдаланбаған мемлекеттік мекеме оны келесі жылы мақсатқа сай пайдаланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады