"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 47 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 807 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26132 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 47 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13430 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Идеологиялық және имидждік жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады