"Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 желтоқсанда № 26136 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында конкурс негізінде саны 227 орын жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған;

      5) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында саны 98 орын жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған;";

      медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Ж. Буркитбаев

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-132 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-69 бұйрығына
2-қосымша

Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

1

Мейіргер ісі

3

2

Фармация

16

3

Жалпы медицина

210

4

Стоматология

23

5

Педиатрия

169

6

Қоғамдық денсаулық

79

Барлығы

500

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-132 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-69 бұйрығына
3-қосымша

Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Жалпы

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

1

Денсаулық сақтаудағы менеджмент

9

3

6

2

Қоғамдық денсаулық сақтау

20

8

12

3

Мейіргер ісі

14

12

2

4

Фармация

30

23

7

5

Биомедицина

5

5


6

Медицина

9


9

7

Медициналық-профилактикалық іс

11

10

1

Барлығы

98

61

37


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады