БҰЙЫРАМЫН:
1. "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) отынның орташа тәуліктік шығысы – осы өңір үшін күзгі-қысқы кезеңде және жабдықтардың барынша жүктеу жағдайларында энергия өндіруші ұйым электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін тәулік ішінде тұтынатын отынның мөлшерлі шығысы;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібі";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
B = Bжэ + Bээ, мұнда
B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;
Bжэ – күзгі-қысқы кезеңдегі жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;
Bээ – күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна.
Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bжэ = Bжэшарт / Э, мұнда
Bжэшарт – күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіруге шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, шартты отынның тоннасы, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bжэшарт = Qтәу * bж * 10-3, мұнда
bж – күзгі-қысқы кезеңдегі шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлестік шығысы, кг/Гкал;
Qтәу – тәулігіне жіберілген жылу энергиясының мөлшері, Гкал, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Qтәу = Q * t, мұнда
t – тәуліктегі сағат саны, сағат;
Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты, Гкал/сағ, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Q = Qбелг *Кж, мұнда
Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, Гкал /сағ;
Кж – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Кж = Qжіб/(Qбелг*n), мұнда
Qжіб – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жіберілген жылу энергиясының нақты мөлшері, Гкал;
Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
n - өткен күзгі-қысқы кезеңдегі энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс сағаттарының нақты саны.
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Э = Qрт / 7000, мұнда
Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг;
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг.
Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bээ = Bээшарт/ Э, мұнда
Bээшарт – күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, шартты отынның тоннасы, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bээшарт = Этәу * bэ * 10-3, мұнда
bэ – күзгі-қысқы кезеңдегі шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлестік шығысы, гр/кВт*сағ;
Этәу – тәулігіне жіберілген электр энергиясының мөлшері, мың. кВт*сағ, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Этәу = N * t, мұнда
t – тәуліктегі сағат саны, сағат;
N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты, МВт, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
N = Nбелг.*Кэ, мұнда
Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, МВт;
Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Кэ = Эжіб /(Nбелг*n), мұнда
Эжіб – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жіберілген электр энергиясының нақты мөлшері, мың. кВт*сағ;
Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, МВт;
n - өткен күзгі-қысқы кезеңдегі энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс сағаттарының нақты саны.
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті, ккал/кг, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Э = Qрт / 7000, мұнда
Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг;
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі