"Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қаңтарда № 26510 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Кодекстің 221-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында мониторингтің ақпараттық жүйесіне "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      18-тармақ алып тасталсын;

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 6-қосымша мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы Ж. Буркитбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрілігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ -136 Бұйрыққа
қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
6-қосымша

"Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде);

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) білім беру бағдарламасын толық игерген сәттен бастап, біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарының ұзақтығына қарамастан, оқуды аяқтағаннан кейін біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру - 1 (бір) жұмыс күні (білім беру бағдарламасын толық меңгерген жағдайда);
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік;
2) сертификаттық курстан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық курс туралы куәлік немесе сертификаттық курстан өткені туралы анықтама.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

жеке тұлғаларға - тегін


7

Жұмыс кестесі

көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); 2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (немесе сенімхат бойынша оның өкілі)

1) көрсетілетін қызметті берушіге: тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) порталға: электрондық түрдегі сұрату.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық емес тізбесін белгілеу жатады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал бір реттік пароль беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильдік қосымшада авторизациялаудан, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары мен байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 "Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и неформальное образование"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 декабря 2021 года № ҚР ДСМ -136. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 января 2022 года № 26510

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 "Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и неформальное образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21847), следующие изменения и дополнение:

      в правилах дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения и признания результатов обучения, полученных через дополнительное и неформальное образование, утвержденных приложением 1 к указанному приказу:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Дополнительное образование осуществляется в организациях образования и науки, реализующих образовательные программы дополнительного образования и прошедших институциональную аккредитацию в аккредитационных органах, внесенных в реестр признанных аккредитационных органов согласно части второй пункта 6 статьи 221 Кодекса.

      Дополнительное образование по медицинским специальностям и неформальное образование медицинских работников осуществляются организациями высшего и (или) послевузовского образования, национальными и научными центрами, научно-исследовательскими институтами, высшими медицинскими колледжами на базе аккредитованных клинических баз, клиник организаций образования в области здравоохранения, университетских больниц согласно части третьей пункта 6 статьи 221 Кодекса.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Государственная услуга "Выдача документов о прохождении повышения квалификации и сертификационных курсов кадров отрасли здравоохранения" (далее – государственная услуга) оказывается организациями образования и науки в области здравоохранения (далее – услугодатель).

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги приведен в стандарте государственной услуги согласно приложению 6 к настоящим Правилам.

      Выдача результата оказания государственной услуги на бумажном носителе осуществляется путем непосредственного обращения к услугодателю либо в электронном формате посредством веб-портала "электронного правительства" на основании электронного запроса услугополучателя.

      При обращении услугополучателя через веб-портал, уведомление о результате государственной услуги направляется в "личный кабинет" в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью уполномоченного лица услугодателя.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации), услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через ПЭП.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Услугодатель обеспечивает внесение данных об оказании государственной услуги "Выдача документов о прохождении повышения квалификации и сертификационных курсов кадров отрасли здравоохранения" в информационную систему мониторинга, с целью мониторинга оказания государственных услуг в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон).";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Жалоба на решение, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя и (или) в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель обращается в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 18 исключить;

      приложение 6 к правилам дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения изложить в следующей редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту науки и человеческих ресурсов Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности Министра
здравоохранения Республики Казахстан
Ж. Буркитбаев


      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития,
инновации и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 28 декабря 2021 года
№ ҚР ДСМ -136
Приложение 6 к правилам
дополнительного и
неформального образования специалистов
в области здравоохранения

Стандарт государственной услуги "Выдача документов о прохождении повышения квалификации и сертификационных курсов кадров отрасли здравоохранения"

1

Наименование услугодателя

Организации образования и науки в области здравоохранения

2

Способы предоставления государственной услуги

1) услугодатель (при непосредственном обращении услугополучателя);
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

3

Срок оказания государственной услуги

при обращении к услугодателю:
1) с момента полного освоения образовательной программы, выдача документов о прохождении повышения квалификации и сертификационных курсов – 1 (один) рабочий день (при условии полного освоения образовательной программы), после завершения обучения не зависимо от продолжительности курсов повышения квалификации и сертификационного курса;
2) максимально допустимое время ожидания для сдачи документов – не более 30 (тридцати) минут;
3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 30 (тридцать) минут: 1) с момента сдачи услугополучателем документов услугодателю – не более 30 (тридцати) минут.

4

Форма оказания государственной услуги

электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

5

Результат оказания государственной услуги

1) о прохождении повышения квалификации: свидетельство о повышении квалификации по форме согласно приложению 3 к Правилам дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения или справка о прохождении повышения квалификации;
2) о прохождении сертификационного курса: свидетельство о сертификационном курсе по форме согласно приложению 4 к Правилам дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения или справка о прохождении сертификационного курса.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

бесплатно – физическим лицам

7

График работы

услугодателя – с понедельника по субботу (понедельник – пятница с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, в субботу с 9.00 до 14.00 часов), кроме выходных (воскресенье) и праздничных дней согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан; 2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

8

Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги (либо его представителя по доверенности)

1) Предоставить услугодателю: документ, удостоверяющий личность при непосредственном обращении либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации);
2) на портале произвести запрос в электронном виде.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) установление не полного перечня документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме посредством зарегистрированного на портале абонентского номера сотовой связи субъекта путем передачи одноразового пароля или путем отправления короткого текстового сообщения в качестве ответа на уведомление портала.
Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия электронной цифровой подписи.
Сервис цифровых документов доступен для пользователей, авторизованных в мобильном приложении.
Для использования цифрового документа необходимо пройти авторизацию в мобильном приложении с использованием электронной цифровой подписи или одноразового пароля, далее перейти в раздел "Цифровые документы" и выбрать необходимый документ.
Для людей с ограниченными физическими возможностями наличие пандуса, кнопки вызова, тактильной дорожки для слепых и слабовидящих, зала ожидания, стойки с образцами документов.
Адреса и контактные телефоны услугодателей размещены на интернет-ресурсах организаций образования и науки в области здравоохранения, либо в помещениях услугодателя. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 8-800-080-7777, 1414.