БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
Кодекстің 221-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында мониторингтің ақпараттық жүйесіне "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
18-тармақ алып тасталсын;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 6-қосымша мынадай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ж. Буркитбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | 1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); |
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал). | ||
3 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі |
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік; |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | жеке тұлғаларға - тегін |
7 | Жұмыс кестесі | көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); 2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал бір реттік пароль беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |