"Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 105/15-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 желтоқсанда № 25765 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      1-тармақтың

      6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) Әлеуметтік төлемдер орталығы – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы;";

      7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында аталған адамдар;";

      9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) еңбек ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталған адамдар;";

      10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында аталған адамдар;";

      20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында аталған адамдар.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      4) еңбек ардагерлері;

      5) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында аталған адамдар (бұдан әрі – басқа да адамдар);

      6) зейнеткерлік жастағы адамдар, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер, зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

      7) мүгедектер, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      8) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар;

      9) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

      10) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;

      11) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерінің түлектері;

      12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз адамдар (бұдан әрі – табысы аз азаматтар);

      13) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдар;

      14) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;

      15) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;

      16) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар жатады;

      17) зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтар.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына беріледі:

      4 ақпанда (Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күн) – қатерлі ісіктері бар балалар ішінен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға;

      8 наурызда (Халықаралық әйелдер күні) – оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға;

      21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      7 мамырда (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      31 мамырда (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға;

      1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;

      30 тамыз (Қазақстан Республикасының Конституциясы күні) – зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтарға;

      1 қазанда (Қарттар күні) –жасы бойынша зейнеткерлерге және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      қазан айының екінші жексенбісінде (Мүгедектер күні) – мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      1 желтоқсан (Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күні) – адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауруынан зардап шеккен адамдар, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылар ішінен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға;

      16 желтоқсан (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. 35 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек:

      15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күні) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      26 сәуірде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні) – Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа да адамдарға беріледі.";

      33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар деп "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес:

      жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтар);

      дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар (осы Қағиданың 13-тармағы 13) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (осы Қағиданың 13-тармағы 14) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      пробация қызметінің есебінде тұрған (осы Қағиданың 13-тармағы 15) тармақшасында көрсетілген азаматтар) азаматтар танылады.";

      35-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға байланысты адамның болған шығындарын растайтын құжаттар (бақылау-касса машинасының чектердің көшірмелері, рецептер, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және тағы басқа);";

      52-тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) шипажайлық-курорттық емделу:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

      жолдама құнының 35%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;

      жолдама құнының 25%-ын төлеумен еңбек ардагерлеріне, ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге;";

      4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефонға абоненттік төлемдерді төлеуге:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, басқа да адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;";

      53-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефонға абоненттік төлемдерді төлеуге ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек үшін тұрып жатқан тұрғын үйдің шаршы метрін растайтын (техникалық паспортпен құқық белгілейтін құжат) құжаттың көшірмесі (Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін);";

      58-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "58-1. Санаторлық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түріндегі әлеуметтік көмек осы Қағиданың 52-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың қатарынан бір адамға, олар санаторлық-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезеңге нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 35 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.

      Әкімші өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде өтініш қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмекті ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің жеке шоттарына есептеуді жүргізеді.";

      72-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 2,4 АЕК;";

      79-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "79. Әкімші әлеуметтік көмек алуға үміткерлерден құжаттарды қабылдауы жыл сайын 1 шілдеден 21 тамызға дейін (қоса алғанда) өтеді.";

      95-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады