"Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № А-10/517 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24861 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № А-6/261 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 06.06.2022 № А-6/261 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 18 қазандағы
№ А-10/517 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/177 қаулысына
2-қосымша

Пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

Қарастырылған қаражат

Субсидия көлемі, теңге

1

Жергілікті бюджет есебінен

9 288 773 000,0

2

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

468 742 000,0


Барлығы

9 757 515 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады