Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № А-5/1407 "Көкшетау қаласында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/2421 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25953 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № А-5/1407 "Көкшетау қаласында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5999 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі Б.Ғайса

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады