"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Бұланды ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6982 болып тіркелген, 2019 жылғы 04 қантарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
Бұланды ауданы әкімінің "Бұланды ауданы әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8241 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |