Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № а-11/158 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қарашада № 25180 болып тіркелді

      Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4874 тіркелген) келесі өзгерістер енгізу туралы:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданның әкімі Е.Мухамедин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы


  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 11 қарашадағы
№ а-11/158 қаулысына
қосымша
  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ а-6/115 қаулысына
1-қосымша

Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

р/с №

Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Абай ауылы, Мир көшесі, 13, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Абай ауылдық кітапханасы ғимаратының жанындағы стенд

2

Полтавское ауылы, Центральная көшесі, 16, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

3

Көркем ауылы, Көркем көшесі, 17, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Көркем ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

4

Бауман ауылы, Школьная көшесі, 1/2, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылыныңы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

5

Буревестник ауылы, Центральная көшесі, 6, ақпараттық стенд

6

Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 11, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

7

Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі, 15, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

8

Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі, 8, ауыл орталығындағы стенд

9

Жұлдыз ауылы, Школьная көшесі, 1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жұлдыз медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд

10

Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі, 18, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

11

Спиридоновка ауылы, Горький көшесі, 8, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

12

Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі, 29, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

13

Тоғанас ауылы, Школьная көшесі, 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады