Ерейментау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 "Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № а-7/186 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 шілдеде № 23579 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі А.Альжанов

      "КЕЛIСIЛДI"


  Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ а-7/186 қаулысына
  қосымша
  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "01" маусымдағы
№ а-6/166 қаулысына
қосымша

Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/р

Елді мекеннің атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Ерейментау қаласы

Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 113.

Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 114.

Хабарландыруға арналған бағана, Шоқан Уәлиханов көшесі, 39.

2.

Олжабай батыр атындағы ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Шәмшіт Байтуаров атындағы көшесі, 15.

3.

Ынтымақ ауылы

Ақпараттық стенд, Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшесі, 19.

4.

Алғабас ауылы

Ақпараттық стенд, Шәйкен Тұрсынбаев атындағы көшесі, 9.

5.

Күншалған ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Күншалған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі, 8.

6.

Шәкей ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Шакей ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жаңатұрмыс көшесі, 36.

7.

Қаратал ауылы

Ақпараттық стенд, Тәуелсіздік көшесі, 42.

8.

Сілеті ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 9.

9.

Еркіншілік ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сарыжайлау көшесі, 24.

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Еркіншілік ауылының "Еркетай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд, Юрий Гагарин көшесі, 34.

Ақпараттық стенд, Мейман Мақатаев көшесі, 9.

10.

Еңбек ауылы

Ақпараттық стенд, Шайхы Кәрібаев көшесі, 16.

11.

Тайбай ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Тайбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сарыарқа көшесі, 53.

12.

Елтай ауылы

Ақпараттық стенд, Достық көшесі, 4/2.

13.

Жарық ауылы

Ақпараттық стенд, Ынтымақ көшесі, 3.

14.

Малтабар ауылы

Ақпараттық стенд, Бөгенбай батыр көшесі, 9/3.

15.

Торғай ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесі, 21.

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сәкен Сейфуллин көшесі, 16.

16.

Балықты ауылы

Ақпараттық стенд, Орталық көшесі, 12.

17.

Жаңажол ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Тәуелсіздік көшесі, 4.

18.

Қарағайлы ауылы

Ақпараттық стенд, Қарағайлы көшесі, 16.

19.

Ақмырза ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жастар көшесі, 20.

20.

Жолбасшы ауылы

Ақпараттық стенд, Жолбасшы көшесі, 13.

21.

Ақсуат ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 2.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Бөгенбай батыр атындағы көшесі, 16/1.

22.

Бозтал ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бозтал ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Достық көшесі, 2.

23.

Өлеңті ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд, Мәншүк Маметова көшесі, 1а.

24.

Өлеңті станциясы

Ақпараттық стенд, Жастар көшесі, 3.

25.

Қоржынкөл станциясы

Ақпараттық стенд, Саққұлақ би атындағы көшесі, 16.

26.

Новомарковка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Яков Киселев көшесі, 20.

27.

Қойтас ауылы

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы "Ерейментау ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ғимаратының жанындағы стенд, Бейбітшілік көшесі, 11.

28.

Ажы ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ажы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Зейн Шашкин көшесі, 6.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Зейн Шашкин көшесі, 4.

29.

Бестоғай ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Абай Құнанбаев көшесі, 93.

30.

Байсары ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Байсары ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жеңіс көшесі, 44.

31.

Қызылту ауылы

Ақпараттық стенд, Болашақ көшесі, 11.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады