Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің "Есіл ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 9 тамыздағы № а-8/233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6072 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Н. М. Саматовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданы әкімі | Е.Баяхметов |