"Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 8447 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 8С-19/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7825 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      еңбек ардагерлері;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар;

      саяси қуғын-сүргiндердің құрбандары;

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар;

      барлық топтағы мүгедектер;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру);

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балалар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      табысы күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар (отбасылар);

      колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық жерде тұратын, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттер;

      жоғары медициналық оқу орындарында оқитын, жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттер;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар;

      бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";

      2 тараудың 9 тармағының 5 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:

      ""Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;";

      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш бойынша келесі санаттағы азаматтардың, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан көрсетіледі:

      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балаларға ай сайын, ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, өтініш берусіз;

      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулез), ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған кезден бастап үш айдан кешіктірмей 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық жерде тұратын, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері, оқу орнынан анықтаманың және көп балалы және толық емес отбасылар санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтаманың негізінде оқуын төлеуге жылына бір рет жылдық оқыту құнының жүз пайыздық мөлшерінде;

      жоғары медициналық оқу орындарында оқитын, жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарттың, оқу орнынан анықтаманың және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын растайтын анықтаманың, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері негізінде жылына бір рет оқудың шығынын өтеуге жүз пайыз мөлшерінде;

      бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға, ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге, І, ІІ топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға және адамның иммунитет тапшылығы вирусымен ауыратындарға (күніне 2 талон есебінен ауданның маршруттық автобустарына жол жүру талондары) қалалық және ауданішілік жолаушылар көлігі маршруттарында тегін жол жүруге. Қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу көрсетілген қызметтердің ұсынылған актілеріне, жол жүру талондарына сәйкес, есепті айдан кейінгі 5 жұлдызынан кешіктірілмей жүргізілетін болады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Р.Садвакасова
      Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Альжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады