Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № А-8/351 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24149 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 – бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Т. Нұрғазинға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Хамитов

  Аудан әкімі 2021 жылғы
26 тамыздағы № А-8/351
қаулысына 1-қосымша

Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды "Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы




  Аудан әкімі 2021 жылғы
26 тамыздағы № А-8/351
қаулысына 2-қосымша

Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды "Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тасымалдаудың схемасы







  Аудан әкімі 2021 жылғы
26 тамыздағы № А-8/351
қаулысымен бекітілген
  3-қосымша

Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2-тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

      1. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

      2. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiнде кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жыл ішінде еңбек тәртібін және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзбаған.

      3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы 23-10) тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беруi тиiс.

      Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен.

3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

      2. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.

      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.

      Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.

      3. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.

      4. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне:

      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе жабдықтарды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға рұқсат берілмейді.

      Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушi:

      1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;

      2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);

      3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;

      4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).

      5. Балаларды автобусқа отырғызу автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында еріп жүрушілердің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен жүргізіледі.

      6. Еріп жүрушілер автобусқа отырғызу және одан түсіру кезінде, автобус қозғалысы кезінде, аялдама кезінде балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.

4-тарау. Қорытынды

      1. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау Қағидалармен реттелмеген қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады