Сандықтау аудандық мәслихатының "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Сандықтау ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 тамыздағы № 32/3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 4/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 8413 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Сандықтау ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ветеринария, орман шаруашылығы саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 тамыздағы № 32/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7323 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ш.Докаев
      Сандықтау аудандық
мәслихатының хатшысы
Г.Кадырова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады