Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 шілдеде № 23558 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Целиноград ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 4 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Целиноград ауданының Талапкер ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлы тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының әкімі Б.Оспанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады