Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға Әйтеке би ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданының әкімі | Д. Ермаганбетов |
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 07 қаулысына қосымша |
2021 жылға Әйтеке би ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ р/н | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Комсомол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 2 | 2 |
2 | "Кұмкұдык" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 119 | 3 | 4 |
3 | "ЕНБЕК - AGRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 2 | 1 |
4 | "БУЛАК АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2 | 1 |
5 | "Назерке-2013" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2 | 1 |
6 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 194 | 3 | 6 |
7 | "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 100 | 2 | 2 |
8 | "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 60 | 2 | 1 |
9 | "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қарабұтақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 55 | 2 | 1 |
10 | "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 52 | 2 | 1 |