Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 424 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 22 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 8222 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 424 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7504 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      2 тармағының 4) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) ең төмен күнкөрiс деңгейi – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;";

      5 тармақтың екінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      7 тармақта:

      "Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі" сөздері "30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні" сөздерімен ауыстырылсын;

      9 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      3) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      4) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге отырмаған жұбайына (зайыбына) жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      5) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      6) еңбек ардагерлеріне, жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде

      7) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;

      8) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;

      9) Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша жүргізіледі.

      Жұмыс берушінің кінәсінен болған еңбектегі мертігуден немесе кәсіби ауырудан мүгедектердің, емделуге жол жүру өтемақысы берілмейді.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.";

      10 тармақта:

      5), 7) тармақшалар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;";

      "7) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.";

      11 тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде.";

      18 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 9 тармағының 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін, мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) арызы;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжат.

      9 тармағының 9) тармақшасында көрсетілген тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) арызы;

      2) екінші деңгейдегі банктерде немесе "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде есепшотының бар болуы туралы құжат;

      3) мүгедек баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      4) жолдама:

      стационарға емдеуге жатқызуға;

      республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;

      5) 9 тармағының 9) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санатына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;

      6) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;

      7) 9 тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.".

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
М. Джалгаспаев
      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Тулеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады