Карантинді алу және Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 23 "Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Шәңке" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 29 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23975 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Шәңке" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс- шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің "Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Шәңке" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 14 шілдедегі № 23 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23557 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ш. Берсиев атындағы
ауылдық округінің әкімі
А. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады