Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Д. Мулдашев |
Хромтау аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қарашадағы № 120 шешіміне қосымша |
Хромтау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Хромтау аудандық мәслихаттың "Хромтау ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4925 болып тіркелген) шешімі;
2. Хромтау аудандық мәслихаттың "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 "Хромтау ауданы боынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірынғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-160 болып тіркелген) шешімі;
3. Хромтау аудандық мәслихаттың "Хромтау аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 "Хромтау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірынғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 382 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512 болып тіркелген) шешімі.