Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 05.11.2021 № 120 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 "Хромтау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4925 тіркелген, 2016 жылдың 18 мамырында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Хромтау ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы";
кіріспеде ", 704 бабының 3 тармағына" деген сөздер алып тасталсын;
1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Хромтау ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.".
2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Е. Избастин |
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Д. Мулдашев |