Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 05.11.2021 № 120 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 26.11.2019 № 382 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 26.11.2019 № 382 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Хромтау ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 26.11.2019 № 382 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Н.Қарағұлов | Д.Молдашев |