Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 120 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қарашада № 25171 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау аудандық
мәслихатының хатшысы
Д. Мулдашев

  Хромтау аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қарашадағы
№ 120 шешіміне қосымша

Хромтау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Хромтау аудандық мәслихаттың "Хромтау ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4925 болып тіркелген) шешімі;

      2. Хромтау аудандық мәслихаттың "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 "Хромтау ауданы боынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірынғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-160 болып тіркелген) шешімі;

      3. Хромтау аудандық мәслихаттың "Хромтау аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 "Хромтау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірынғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 382 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады